0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Эленора в категории Түс жору

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Түс - арғы жақтағы әлемге қатысы бар үлкен метафизикалық әлем. Бұл арақатынасты адамдар эмоционалды тазалықты сақтап, рухани тазалыққа ұмтылу керектігін түсінгенде сезіне алады. Олай болмаған жағдайда, олар түсте ғана орын алатын қолға түспес шынайылықты түсінбейді. 

Кейбір ғалымдардың көзқарастары бойынша түстердің болмысы біздің қиялымызда туындайтын "жалпы сезімде" (хиссун муштаракун) із қалдыратын таңбаларда жатыр. Кей философтар "жалпы сезімді" бес негізгі сезім түйсігіне кірмейді  деп топшылайды. Сонымен қатар, адамдар қоршаған ортаны қабылдау болып табылатын "нафсун натикун" - "рухани парасатқа" ие. Адам баласы қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қабылдағанымен, оның заттық сипаты рухани әлемге (ғайып) қатысы бар білім хақында ойлануға кедергі жасайды. Ұйқы кезінде бес негізгі сезім түйсіктеріне түсетін салмақ жеңілдеп, ол зердемізге тікелей метафизикалық әлемнен "ғайыпқа" қатысты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Артынан ол денеге қайтып оралады. Аталмыш ақыл-парасат тәнімізден орын алғандықтан, ол материалдық дүниелерге тәуелді және физикалық қабілеттер арқылы ғана қызмет ете алады. Жан бұл әлемнен қабылдағанын қиялға тапсырып, қиял қабылданған ақпаратты тиісінше сипаттап көрсетіп, оны "жалпы сезімнің" қарамағына береді. Ұйқыдағы адам шынымен де осы дүниелерді көргендей әсерде болады. Бұл түс табиғатына берілген тек жалпы, тіпті, ішінара түсінік десек те болады. 

Адамдар күн сайын түс көреді. Олардың кейбірі аян беретін түс болса, кейбірі өтірік болып жатады. Түс жайында Алла Елшісі (с.а.с.): "Түс үш түрлі болады: Игі түс-ол Алладан сүйінші хабар, қорқынышты түс-ол шайтаннан және адамның іштей ойлап жүрген нәрсесінен туындалатын түс" (Бұхари),- дейді. 

Адамдар ғасырлар бойы көрген түстерінің нені аңғартатынын ойлап келеді. Сондықтан көптеген танымал ислам ғұламалары түс жорумен және түстерді зерттеумен айналысқан. Олардың қатарында ибн Сирин, Имам Жағпар Ас-Садық, Ан-Наблуси айрықша құрметке ие болған. Сондықтан шариғат мұсылман ғалымдарының мақұлдауын алған мұсылман түс жору кітаптарымен түс жоруға рұқсат етеді. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өзі түс көріп, оларды жорығандықтан, түс жоруды серік қосу (ширк) дей алмаймыз.

ответил 23 Фев, 16 от Мұхтар
редактировать 24 Фев, 16 от Мейрамгуль