Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мен тұрмыс құрмағанмын. Кеңес беріңіздерші, қалай тұрмысқа шықсам?

Талқылау
Пікір
Шұғыла
23 Ақпан, 16

Тұрмыс құруға көмектесетін кеңестер:

  • Тұрмысқа мүлде шыққыңыз келмейтіндей кейіп танытыңыз. Ер адамдардың барлығын тура не керісінше жасайтыны белгілі. Онымен отбасын құру туралы сөйлеспеңіз, бұл тақырыпты қозғамаңыз да. Мұндай маңызды қадамды ол өзі жасауы керек. Ер адам бұл  әрекеттің тек өзіне байланысты болып, шешімді өзінің ғана қабылдағанын сезінуі тиіс.
  • Ер адамдарға таңдаған адамының сырт келбеті маңызсыз емес. Сондықтан, әрдайым өзіңізді күтінуге тырысып, азаматыңыз үшін мінсіз әйел болуға күш салыңыз. 
  • Мейрамханаларда тамақтану жақсы, әрине. Бірақ сүйгеніңізді өзіңіз жасаған тағамдармен тамақтандырып тұрғаныңыз жөн. Ер адамдардың дәмді жасалған тағамдарды ұнататыны өтірік емес. Бәрі-бір де тамақ жасау қабілетіңіз отбасылық өмірде қажет.
  • Әйел адам балаларды жақсы көруі керек. Өзінің ғана емес, өзгелердің де. Сүйікті әйелінің бірнеше баланы дүниеге әкеліп, үлгілі ана болғаны - әр еркектің арманы. Жиірек кез-келген баланы қолыңызға алып, көңілін аулап, ойнатуға тырысыңыз. 
  • Оның қызығушылықтарын түсіне біліңіз. Онымен футбол ойынын көруге барыңыз немесе көлігін жөндеп жатқанында көмегіңізді ұсыныңыз. 
  • Ер адамдар да мақтау сөздерін ұнатады. Оған қандай әдемі, ақылды, тартымды, мейірімді екенін жиірек айтып тұрғаныңыз ләзім. Өзін мақтағанды кім ұнатпасын? Оның үстіне, ер адамға сүйгенінің өзін қаншалықты бағалайтыны, ол үшін өзінің мықтылардың мықтысы екені қашан да маңызды. 
  • Және де ер азаматтарды ұсақ кемшіліктері мен сәтсіздіктері үшін ұрысушы болмаңыз. Оны ешкім де көтермейді. Ешкімнің де өзін әрдайым мүжіп, кемсіткенін ұнатпайтыны анық. Егер де ер адамыңыздың бір кемшілігі ұнамаса, өзіңіз өзгертуге тырыспаңыз, керісінше, өзі өзгеруді қалайтындай жасаңыз. 
  • Ер азаматыңызбен жиі кеңесіңіз. Сіздің әлсіздігіңіздің арқасында ол өзін әлдеқайда күшті, ақылды, батыл сезінеді. 
  • Бір-біріңізді түсінуге тырысыңыздар. Түсіністік болмаса, отбасыңыздың да шаңырағы берік болмайды. Егер азаматыңыздың кей әрекеттері ұнамаса, оның не себепті олай жасайтынын түсінуге тырысыңыз. Әр жағдайда да өзіңізді оның орнына қойып көріңіз. 
  • Өзіңнің ғана көңіліңнің көтеріңкі болғаны аздық етеді. Азаматыңыздың да көңілін көтере біліңіз. Жұмыс уақытында көптеген қиындықтарға тап болып, адамдармен кикілжіңге түсіп, онсыз да жүйкесі сыр беріп, шаршап келген азаматыңызға үйдегі тыныштық пен жайлылық маңызды. Ер адамға ең бастысы үйінде әйелінің жылы шыраймен күліп қарсы алуы емес пе?
  • Еркектің еркіндікті сүйетінін естен шығармаңыз. Ол ешқашан өзінің әр қадамын аңдып, барлығына тиым салып отыратын әйелмен бірге болмайды. 

Ең бастысы, осы кеңестерді тұрмыс құрғаннан кейін де есте ұстаңыз!

Үйлену тойы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Мне очень очень нравится
3 жылы бұрын пайда болды

Ажырасамын деген жастарға, әсіресе ажыратқысы келген адамға айыппұл салынса екен

Сәлеметсіздер ме менің айтқым келетін проблема еркектердің жауапсыздығы және сәбилердің құқығы жайлы.  Еркекетер үйленіп,  бала тапқызып,  қаласа тастап кете салуы әділетсіздік деп ойлаймын. Неге осы ажырасамын деген еркектерге или әйелдерге үлкен мөлшерде айыппұл салынбайды, сонда олар айыппұлдан қашып отбасын сақтап қалар ма еді. Ортада балада тірі жетім болып қалмас па еді. Ажырасу азайып, әке шешесіде жастардың өміріне қол сұға беруін тоқтатар ма еді. Жазықсыз сәбилер әкесіз өспейтін еді. Неге әйел адамдар ғана қиналуы керек,  ажырасқанда еркектерге неліктен жауапкершілік артылмайды. 

1
Аслан
7 жыл бұрын пайда болды

Беташар жырын білесіздер ме?

1
Ұлан
7 жыл бұрын пайда болды

Асаба тойды неден бастауы қажет?

1
Елдар
7 жыл бұрын пайда болды

Атастырылған жігіт пен қыздың үйленуі міндетті ме?