0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Үміт в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Бүгінгі күн гендерлік саясат салдарынан әйелдердің ерлермен теңдігі бір деңгейде тұр десек, қателеспеспіз. Әйелдер - табысты саясаткер және кәсіпкер, данышпан ғалымдар, дарынды жазушылар мен тілшілер. Олардың қолынан келмейтін іс жоқ. Асхана шаруасы да, жихаз құрастыру да, тіпті, тұрмыстық техниканы жөндеу де олар үшін сөз емес. Заманауи нәзік жандылардың ұсақ тұрмыстық қиындықтарды ретке келтірудің жолын білетіні даусыз екені рас. Дегенмен, бұл оларға керек пе? 

"Бір сағаттық күйеу" қызметінің атауы оған тек басы бос қыздар тапсырыс береді дегенді аңғартпайды. Отбасын асыраушы көптеген еркектер күні бойына жұмыста болады, тәуліктеп жұмыс істейді. Олардың үй ішіндегі жөндеуді қажет ететін тұрмыстық шаруаларды тындыруға физикалық түрде мүмкіндіктері бола бермейді. Осы жағдайда "бір сағаттық күйеу" қызметі табыскер азаматқа да, оның жарына да жүйке жүйесі мен күшін сақтауға көмектеседі.

"Бір сағаттық күйеу" қызметі ұсақ және ірі тұрмыстық техникаларды жөндеу, электр маманының қызметін, сантехникалық қиындықтарды реттеу сынды қызметтерді ұсынады.

ответил 23 Фев, 16 от Сәния
редактировать 24 Фев, 16 от Мейрамгуль