0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Асан в категории Тарих
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Шыңғыс ханның әйелі - Бөрте

   

ответил 23 Фев, 16 от Нұрбек
0 интересует 0 не интересует

Бөрте 1154-1230/31 жылдары өмір сүрген. Ол - аяулы жар, ардақты ана ғана емес, Шыңғыс ханға дана кеңесші бола білген әйел. Қазақтың қоңырат тайпасының өкілі Бөрте ұлы Шыңғыс ханның жол көрсетуші жұлдызы, тірегі және ең сенімді серігі де болған. Бөрте ханның бірінші және басты әйелі болып, ұлы қолбасшы өмір бойына Бөртенің кеңестеріне құлақ асқан. Бұл тарихи шындық. Адамзат тарихындағы ең ірі империя Шыңғыс хан империясын мұрагерлікке алған да Бөртенің ұлдары Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле еді.

Тарихи деректер бойынша, сол кездегі халық дәстүрі негізінде екі жақ ата-аналардың келісімімен қоңырат тайпасының көсемі Дай-Шешеннің қызы Бөрте мен Қият-Боржіген тайпасынан шыққан Есугей батырдың ұлы Темучин он жастарында атастырылған. Тағдыр тәлкегімен Темучин әкесінен ерте айырылса да, кедергілерге қарамастан белгіленген уақытта Бөртені әйелдікке алған. Бөрте Шыңғыс ханнан ағайын-туыстары мен жақындары, достары теріс айналған қиын кезеңдерде де, жауларының төбесіне қылыш ойнатқан алғашқы жеңістерінде де, Моңғол ұлысын құрғанында да оның жанынан табылып, бірге болды. 

Тарихи деректерде Бөртенің қандай болғаны, шындығында тағдыры қалай құрылғаны жайлы толық мәліметтер жоқ.  Кей деректерде Бөрте жиі ақ жібектен киінген, шашына алтын тиын таққан, ақ ат үстінде ақ қозы ұстап отырған сұлу әйел, ақылды ханша ретінде сипатталады. Оның шын есімі - Бөрте-фүджин немесе Бөрте-үджин. Моңғол тілінен аударғанда "Бөрте-үджин" "ханым" деген мағынаны береді.

ответил 23 Фев, 16 от Өміртай
редактировать 24 Фев, 16 от Мейрамгуль