0 интересует 0 не интересует
спросил 22 Фев, 16 от Ғани в категории Денсаулық
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қан тамырлары - адамның бүкіл денесіне жайылып, бойында қан жүретін түтікше тәріздес құрылымдар. Қан айналым жүейсіндегі қысым жүйе тұйық болғандықтан, өте жоғары. Мұндай жүйеде қан айтарлықтай жылдам айналады. 

Қан тамырларының түрлері

Адам ағзасында қан тамырларының үш түрі бар. Бірінші түріне күретамырлар (артерия) жатады. Олар қанды жүректен басқа ағзалар мен тіндерге тасымалдайды. Күре тамырлар көп тармақталып, артериола құрайды.

Екінші түрі - көктамыр (вена). Көктамыр арқылы қан ағзалар мен тіндерден жүрекке қайтады. 

Қан қылтамырлары - ең жіңішке қан тамырлары. Олардың бірігуінің нәтижесінде венулалар, яғни ең кішкентай көктамырлар пайда болады.

ответил 23 Фев, 16 от Бақытжан