Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айранмен жасалатын қандай бәліштерді білесіздер?

Талқылау
Пікір
Жұлдыз
03 Қазан, 16

Айранмен жасалатын сүзбе бәліші

Қажетті заттар:

  • айран - 200 мл
  • жұмыртқа - 3 дана
  • қант - 200 г
  • ұн - 300 г
  • ас содасы - 0,5 шай қасық
  • қопсытқыш - 1 шай қасық
  • сүзбе - 250 г
  • ванилин
  • өсімдік майы - 100 мл
Дайындалуы:
  • Ас содасын айранмен араластырып, 10 минутқа қалдырамыз. 
  • Мұнан соң қант, 2 жұмыртқа қосамыз. Жақсылап араластырамыз.
  • Оған өсімдік майын қосамыз. 
  • Ұнды елеуіштен өткізіп, қопсытқыш қосамыз. 
  • Ұнымызды сұйық қоспаға қосамыз.  Әбден арарластырамыз.
  • Сізбе салмасы үшін: сүзбеге 1 жұмыртқа, 3 ас қасық қант қосып, шанышқымен араластырамыз. ванилин қосамыз. 
  • Диамтері 26 см болатын пісіруге арналған қалыпқа қамырды саламыз. Салмадан бірнеше кішірек дөңгелек жасаймыз да, қамырымызға саламыз.
  • Алдын-ала 180 градусқа дейін қыздырылған пешке бәлішімізді қоямыз. 40 минут пісіреміз. 
Астарыңыз дәмді болсын!
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?