Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қытай мемлекетінің діні қандай?

Талқылау
Пікір
Ақнұр
10 Қазан, 16

Қытай діні мен философиясында дәстүрлі түрде конфуцийлік, даосизм, буддизм қатар жүреді. Қытайға ең алғашқы болып ықпалын тигізген конфуций діні тұлғаның қоғамға бойұсынуы мен оның алдындағы жауапкершілігінің кодексіне айналды. Даосизм жеке кемелдену мен табиғатпен бірлікте болу идеясын алға тартады. Ал рухани бастаулардың дамуына негізделген буддизм қытайлық прагматизмнің баламасы бола алады. Мәдени төңкеріс жылдары Қытайда барлық дінге тыйым салынған. 

Қытай - түрлі діндер қатар өмір сүріп келе жатқан мемлекет. Ислам, буддизм, христиан сынды әлемдік діндерден бөлек, Қытайда өзіндік дәстүрлі діни ілім даосизм бар. Сондай-ақ мұнда табиғат күштеріне табыну, көпқұдайшылықты да көре аласыз.

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Мәкрүһ деген не?

1
Шыңғар
1 жыл бұрын пайда болды

Мәһір деген не?

1
Жанетта
1 жыл бұрын пайда болды

Нәпсі деген не?

1
Рамазан
1 жыл бұрын пайда болды

Құбыланы қалай анықтауға болады?

0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?

Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?