Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Көктем туралы шығармалар бар ма?

Талқылау
Пікір
Елдария
26 Ақпан, 16

Көктем

Өлкемізге көктем мезгілі келді. Ағаштар гүлдей бастады. Құстар жылы жақтардан оралып, шықылықтап ән салады. Гүлдер де ашылды. Дала толы бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ата-әжелерімізбен тауға барып, қыр гүлін терген қандай тамаша!

Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. 

Мамыр айы келгенде 1 мамыр - бірлік күні, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр - жеңіс күні тойланады. 9 мамыр - үлкен мереке. Бұл күні Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткенбіз. Қаншама адамдардың қанын төгіп, тағдырын қиған зұлмат соғыс аяқталып, адамдардың еңсесі тіктелеген күнді біз ерекше құрметтеп, соғыс ардагерлеріне барып, аман-саулық сұрасып, оларға көмектесуге тырысамыз. 

Мен үшін көктем мезгілі - өте тамаша әрі сүйікті жыл мезгілі. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?