0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Фев, 16 от Дария в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Көктем туралы қазақ халқының ырым-тиымдары

- Қазақ халқы Наурызға қарсы үй ішін, қора-қопсысын, ауыл-аймақты тазалаған. Өздерін де ретке келтіріп, шашын алып, жаңа киім киген. Онымен қатар, рух тазалығына да мән беріп, қарызын өтеп, жасаған күнәлары үшін кешірім тілеп, тәубесіне келетін болған. 

- Наурыз мерекесінде қар жауса, ол жылдың берекелі, ырысты, құтты болатынын аңғартқан. 

- Ұлыстың ұлы күні жауған қарға түскен құмалақ батып кетсе, көктемнің ерте келерін, батпай, бетінде жатса, көктемнің қырық күн кеш келетінін білдіреді. 

- Көктемде алғаш найзағай ойнағанда, бақыт пен ақ мол болсын деп ырымдап үй іргесіне сүт құйған.

- Қазақ ұғымында көктемгі уақытта ашық аспан астында ұйықтауға болмайды. Көктем - қыс пен жаздың, суық пен ыстықтың арасындағы шекара. Далада түнеген адамның бет-аузы қисайып, жан ауруына душар болады деп сенген.

- Отардағы түлікке салқын тиіп, ауырыуы мүмкін деген сеніммен көктем уақыытнда малшы далаға жалаң бас, жалаң аяқ шықпаған.

ответил 25 Фев, 16 от Айдын