0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Фев, 16 от Ермекжан в категории Қаржы кеңесшісі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

"Жылдам ақша" - микрокредиттік ұйым. Сондықтан да ондағы несиені өтеу мерзімі де қысқа, яғни 2 апта. "Жылдам ақша" ешқандай анықтама қағаздарынсыз тұрақты табысы бар 21 мен 60 жас аралығындағы адамдарға несие береді. Он мыңнан жүз мыңға дейінгі соманы алу үшін небәрі 20 минут қажет. Талап етілетін құжат - несие алушының жеке куәлігі. Уақытында несиені өтемеген жағдайда үстемақы қосылады. 

Аталмыш ұйымнан несие алып көрген көптеген адамдар жоғары үстемақы мен несиені уақытылы төлей алмаған жағдайда ұйым қызметкерлерінің дөрекілік танытқандарына шағым жасаған. Тіпті, "Жылдам ақша" ұйымымен соттасқандары да бар екен. Ғаламтор беттерін ақтарып отырып, бұл қызмет түріне ризалығын білдіргендерден гөрі шағымданушылардың көптігін ескеріп, шамаңыз келіп жатса несие алмауға тырысыңыз дегіміз келеді.

ответил 25 Фев, 16 от Қарлығаш