Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Неліктен бала тамақты аз ішеді?

Талқылау
Пікір
Сәуле
12 Қазан, 16

Белгілі түзіліске жататын балалар, әдетте нашар тамақтанады. Кішкентай, әлсіз, сүйектері жіңішке, терісі бозарған балалардың тамаққа тәбеті тартпайды. Сондықтан ата-аналары ойын арқылы тамақтандыруға тырысады. Мұндай балаларға не істеу керек? Ең алдымен күштеп тамақтандырмаңыз. Мұндай балалар бұрын да болған, бола береді де. Десе де ол - балалардың дені сау азамат болып ер жетпеуіне кепіл емес. Тіпті, барлығы 

Алайда тамақты аз ішетін балалардың ата-анасы мынаны түсінуі керек: балалар жеген тамақтың аз мөлшерімен ағзаға керек дәрумендер мен микроэлементтердің қажетті мөлшері толықпайды. Оларды дәріханалық дәрумендік кешендердің көмегімен толтыру қажет. 

Десе де баланың тәбетінің нашарлауы мына белгілермен қатар жүрсе, сақтықпен қарау қажет:

  • бас ауруымен;
  • тез шаршаумен;
  • шамадан тыс терлеумен;
  • қайта-қайта құсумен;
  • іш қатуымен;
  • шала қызулы температурамен.

Мұндай жағдайда балалар дәрігерінің көмегіне жүгініңіз. Әсіресе, бала арықтап, өсуін тоқтатып, жиі тоңып, дене температурасы қалыптан төмен болса, бұл алаңдауға себеп. Бірден баланы дәрігерге қаратыңыз. 

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?