Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Неше күнде 10 килограммға арықтауға болады?

Талқылау
Пікір
Сұлу
12 Қазан, 16

Егер 10 кг-ға арықтағыңыз келсе, және салмағыңыз 100 кг-ға жуық болса, ол үшін сізге бір ай уақыт керек. Мұндай нәтидеге қол жеткізу үшін, қарқынды бағдарламадан өту керек.Бағдарламадан қатаң түрде тек дәрігердің бақылауымен және толыққанды қаралудан кейін ғана өтуге болады. 

Бағдарлама бойынша құнарлылығы төмен тағам үлесі тағайындалады. Оны аштықпен шатастырудың қажеті жоқ. Бұл үйлестірілмеген тамақтану: майлар мен көмірсулардың мөлшері азайтылып, пайыздық қатынаста тағам үлесінде ақуыздар басымдылық танытады. Соған байланысты дәрумендер жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Дәрігердің міндеті - қаралуышының аралық талдауларын бақылай отырып, қажетті заттардың емдік мөлшерін тағайындау. Егер артық салмақтан арылудың қарқынды курсы маманның бақылауымен өтсе, қаралушының денсаулығына зардабы болмайды.

Назым
12 Қазан, 16

10 килограмм салмақтан бір ай ішінде арылуға болады, бірақ ол үшін салмағыңыз 100 кг-нан артық болуы қажет. Бұл аз уақыт ішінде организмге зиян тигізбей тек дене салмағының 10%-ын ғана жоғалтуға болатынымен байланысты. Басқа жағдайларда мұндай салмақтан еш зиянсыз және дұрыс арылу үшін, сізге 3 ай қажет. 

Табиғатты алдауға тырыспаңыз.Егер аз уақыт ішінде жылдам арықтай бастасаңыз, әрине, сымбаттылыққа қол жеткізесіз. Бірақ оның организміңізге зияны көп болмақ. Егер қыз баласы ден салмағынан 10%-дан артық салмақты жылдам жоғалтатын болса, ол организм үшін шок болады. Ол зат алмасуының, етеккір циклінің  бұзылуына әсер етіп, бедеулікке алып келуі мүмкін. Адам үнемі шаршаңқылықты сезініп, иммунитеті нашарлайды. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?