Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?

Талқылау
Пікір
Талшын
12 Қазан, 16

Жалқаулықтан арылыңыз. Жаяу жүру, әрине жақсы. Бірақ сымбатыңызға жаттығулардың тигізер пайдасы мол. Оларды дәргердің рұқсатымен бастаған жөн. Босанғаннан кейін әйел организмінің қалпына келу процесі - күрделі дүние және асығыстықты қажетсінбейді. Әдетте қарапайым жатығуларды босанғаннан екі айдан кейін жасауға болады. Қалпыңызға келуге себін тигізетін гимнастика, жаттығулармен күнделікті емес, аптасына 2-3 рет айналысқаныңыз абзал. Денеге түсер күшті де ақырындап ұлғайту қажет. Жаттығуды кез-елген жерде жасауға болады. Ең бастысы, олардың дұрыс жасалуына мән беріңіз.

Милена
12 Қазан, 16

Босанған әйелдердің жылдам арықтауына арналған кеңестер

Екі адам үшін тамақтануды тоқтатыңыз. Баланы емізу үшін организм 500-600 ккалорий жұмсайтынын түсіну керек. Егер тағамды бұл мөлшерден артық ішсеңіз, артық салмақ өздігінен кетпейді. Артық салмағыңыз болса, демек организм ана мен бала денсаулығына еш зиянсыз жұмсай алатын артық қор  бар деген сөз. Ең бастысы - бұл үйлестірілген тағам. Егер ақыртағыңыз келсе, артық калорийден бас тарту керек. 

Көп жүріңіз. Ұзақ қашықтықтарды жаяу еңсеріңіз. Бұл ретте жылдам жүруді ұмытпағайсыз. Және жаттығу жасауды да қосыңыз. Ешкім де әлемдік рекорд орнату жайлы сөз қозғаған жоқ, бірақ дене қозғалысын арттырып, май пайызын аз уақытта төмендете аласыз. Мамандар бір сағат жылдам жүруде кететін калорий мөлшері 3 сағат жаттығу залында кетірген калориймен пара-пар екенін әлдеқашан есептеп қойған. Демек таза ауада белсенді демалу жас ананың сымбатын қалпына келтіруге көмектеседі. 

 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Мира
7 жыл бұрын пайда болды

Неше күнде 10 килограммға арықтауға болады?