Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бала тамақ жегісі келмесе мәжүбрлеу керек пе?

Талқылау
Пікір
Жанар
18 Қазан, 16

Ал бала жай ғана еркелеп, қиқарланып, тамақ жегісі келмесе, одан еш мәжбүрлеусіз шығар жол бар. Бала тамақтану үшін, оған тамақтану тәртібі қажет. Асты күнделікті бір уақытта жеуге үйретіңіз. Сонда бала тамақтанатын уақыт жақындағанда аштық сезімін сезіне бастайды. Тәбеті жоғалмас үшін, тағам үлесінен құрамында көмірсу, майлары бар тіскебасарларды алып тастаңыз. Тек жеміс пен көкөністерді қалдырғаныңыз абзал. 

Баланы теледидар көріп отырған уақытында не компьютерлік ойын ойнаған кезінде тамақтандырмаңыз. Олар саналы түрде жейтін тағамын таңдауы қажет.

Өзіңізден бастаңыз. Балалар біздің мінез-құлқымызды қайталайды. Ол тамақтануға да қатысты. Қандай тағам сатып алып, оны қашан ұсыну керегін сіз білесіз. Сондықтан балаға үлгі болып, дұрыс тамақтаныңыз. Пайдалы тіскебасарлар таңдап, үстел басында ауқаттаныңыз.

Десе де тамақтан бас тартқан баланы дәрігерге қарату қажеттігі туындайтын жағдайлар болады. Мысалы, егер ол ет, сүт өнімдері сынды шынымен де маңызды тағамдардан бас тартса, педиатр балама бола алатын тағамдық өнімдер немесе қосымша тағам тағайындайды.

Егер бала аз тамақтанып, өзін нашар сезінсе (әлсіздік, терінің құрғауы, шаш түсуі), немесе баланың салмағы аз болса, дәрігердің кеңесіне жүгінгеніңіз дұрыс. 

Жанар
18 Қазан, 16

Бала өзін нашар сезіну, белгілі бір тағам түрін ұнатпау немесе қарынының ашпағандығы сияқты түрлі себептерге байланысты тамақтан бас тартуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайлардың қайсыбірінде болмасын баланы тамақ жеуге мәжбүрлемеңіз. Мәжбүрлеп тамақтандыру тағамға деген жағымсыз сезім туғызып, болашақта дүрыс тамақтанбауына сеп болуы ықтимал. Егер бала өзін нашар сезініп, тамақтан бас тартса, онда тұрған қорқынышты ештеңе жоқ. Ең бастысы оған кәдімгі суды жиі беріңіз. Вирустық не бактериялық улану салдарынан баланың тәбеті нашарлағанымен, ертесі күні оның тамақ сұрары анық.

Ал қандай да бір тағам ұнамайды ма? Онда тағамды араға 1 ай сала отырып 10 рет ұсыныңыз. Ата-аналар балаға бір тағамды айына бір рет байқап көруге береді. Оны әр түрлі әдіс арқылы жасауыңызға болады. Мысалы, брокколиді езбе түрінде не сорпаға қосып беріңіз. Егер 10-талпыныстан кейін де баланың тағамғы ықыласы оянбаса, ол тағамды басқа ас түріне ауыстырыңыз. 

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?