Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Үйдегі тышқандардан қалай арылуға болады?

Талқылау
Пікір
Ақжан
18 Қазан, 16

Тышқандардан арылуға арналған әдістер:

  • Тышқан аулауға арналған қақпандарды қолдану. Оның механикалық және "жабысқақ" түрлері бар. Бірінші түрі әркез тиімді бола бермейді. Себебі кеміргішті сіздің қақпаныңыз үркітуі мүмкін. Егер қақпанды қолғапсыз, жалаң қолыңызбен ұстайтын болсаңыз, тышқан қақпанға жоламайды. Ал желімді тұзақ айтарлықтай тиімді. Бірақ оны тышқан жүретін жерлерге қою керек.
  • Улар. Үйде уларды қолдану ақылға қонымсыз болып табылады. Олардың кейбір түрлері "жарамсыз", сондықтан кеміргіштермен күресуде тиімсіз. Сонымен қатар сіз уланған тышқанды таба алмауыңыз мүмкін. Ал оның денесі үйдің бір бұрышынды шіри бастайды. Мұндай әдісті адамдар тұрмайтын жерлерде қолданған жөн.
  • Арнай фирмаларға барлық амалыңыз таусылған жағдайда ғана хабарласқаныңыз жөн. Арнайы қызметтер аса қауіпсіз түрде зиянкестердің көзін жойып, көп жағдайда мәселені түбегейлі шешіп, үйде тышқандар қайтіп пайда болмайтындай жасайды.
  • Ультрадыбыс. Бұл ең қауіпсіз әдістердің бірі. Электронды үркіткіш зиянкестер төзе алмайтын ультратолқындар шығарады. Бірақ кей дереккөздер бұл әдістің әрдайым көмектесе бермейтінін айтады.
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
3 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?