0 интересует 0 не интересует
спросил 24 Фев, 16 от Самат в категории Білім, ҰБТ
категория изменена 02 Март, 16 от Дина

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мектептегі оқу үлгеріміңіздің нашар не жақсы екеніне байланыссыз әр адамға жоғары білім қажет. Жоғары білім - сенің маман болуыңның кілті. Университет қабырғасында оқып жүрген студенттердің бәрі өз кезегінде мектепті бестік бағамен бітірген деп айта алмаймыз. Тіпті, университ мұғалімдерінің өзі бұны растайды. Олардың айтуынша, мектепте озат оқыған оқушы университетте біліп алып жүріп, оқуына салғырт қарайтын немесе мектепті нашар бағамен бітірген оқушының университетте білімге деген құлшынысы артып, қызыл диплом алған жағдайлар да болған. Сондықтан, мектептегі оқу үлгеріміңіздің нашар болуы университетте де дәл солай болады дегенге кепіл емес. Егер, үлгеріміңіз нашар болса, ең алдымен сізге оқуға ненің кедергі жасайтынын анықтап алғаныңыз дұрыс. Кедергілер тізімін жасап, алдағы уақытта олармен күресе біліңіз. Егер оқу материалын түсіне алмасаңыз, мұғалімнің көмегіне жүгініңіз. Оқушының оқуға ынталануы әр мұғалім үшін маңызды. Сондықтан олар көмек қолын аямайды. Ал егер кедергі достарыңыздың тарапынан болса, жаман достан іргеңізді аулақ етіңіз. Дос - адамның айнасы. Оның қасында жүріп әдеттерін өзіңе сіңіре бастайсың. Өзің жақсы дос бола біл де, жақсылармен дос болуға тырыс. 

ответил 26 Фев, 16 от Аяна