Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Майлықожа Сұлтанқожаұлы кім?

Талқылау
Пікір
Берік
27 Қазан, 16

Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сыр бойында, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, жастайынан өмірдің тауқыметін көп тартады. Бала күнінен өлкедегі ақын, шешен, билердің өрнекті сөздеріне қызығып, оларды жаттап өседі. Өнерге қатты қызығып, ақындыққа бет бұрады. Ол тұрмыс себебінен Орта Азияның бірқатары қалаларында болуы, Шығыс шайырларының поэзиясымен жақын танысуы да ақындық өнерге құштарлығын арттырады. Ол өлең-толғаулармен қатар, айтыс өнерінде дебақ сынаған. Қырғыз ақыны Жанас, Жамбыл ұстазы Сүйінбаймен айтысқаны белгілі. 

Майлықожа өз өлең-толғауларында замана сипатын, халық тұрмысын, елдегі би-болыстардың жемқорлығы мен тұрлаусыз мінезін шынайы бейнелеген. Адамгершілікті, ізгілікті, өнер-білімді дәріптеген. Майлықожаның "Ілімге толса көкірек", "Жақсы болсын жұбайың", "Ұрлықтың түбі - қорлық-ты", "Ер көгерер дұғамен", т.б. толғаулары бар. 

Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1898 жылы дүниеден озған. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?