Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Үйді қалай тез жинауға болады?

Талқылау
Пікір
Ақнұр
18 Қазан, 16

Алдымен ең бірінші істелуі қажет заттарды ойластырып алу керек. Үйдегі ең көрінетін жерлер бөлмелер болып табылады. Сондықтан үй жинауды солардан бастаған жөн. Ретке келтіретін келес бөлме- асүй. Ал ең осңғы жиналатын жерлер - санитарлық бөлме мен дәліз. Мұндай жоспар бойынша іске кіріссек, үйді жылдам жинауға болады.

Енді мынадай әрекетке көшу қажет. Кір ыдыстарды ыдыс жуғыш құрал қосылған суға салып қоямыз. Санитарлық бөлмеде ыстық су ағызып, есікті жауып қоямыз. Ол бөлменің булануы үшін қажет. Енді унитазға тазартқыш құрал құямыз да, біраз уақытқа қалдырамыз. Мұнан кейін қонақ бөлме мен жатын бөлмені жинастыруға кірісеміз. Артық заттың бәрін жинастырып, дымқыл шүберекпен шаңды сүртіп, диван мен төсек бетін жапқышты жөндейміз. Еденді жуып, кілмеді шаңсорғышпен тазалаймыз. 

Ендігі асүйге беттейміз. Ыдыстарды жуып, үстел үстін ретке келтіреміз. Еденді жуамыз. Келесі кезекте дәліз бен тазалық бөлмесі. Ыстық суды өшіріп, құрғақ шүберекпен қабырғаны сүртеміз. Қажет емес косметикалық құралдарды сөреге қоямыз. Таза сүлгі ілеміз. Унитазды сумен шайып, хош иісті ауа тазартқыш себеміз. Мұнан соң дәліз еденін жуамыз. 


 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?