Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тоқты жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Талқылау
Пікір
Балнұр
19 Қазан, 16

Тоқты. Қырсық, әр мәселеге байланысты өз қалыптасқан көзқарасы бар, әрекеттердің бастаушысы, көшбасшы, менмен және қызуқанды – бұл Тоқтыны сипаттайтын сөздер. Бұл жұлдыз белгісінде туған адамдар тартымды келеді. Десе де кей уақыттарда, әсіресе алғаш танысқанда ұяң, қарапайым көрінеді. Бірақ көп уақыт өтпей-ақ адамдар жұмсақ бейненің астында күшті мінез жатқанын аңғарады. Тоқтылар өздеріне нық сенімді. Олар артынан адамдарды ерте алады.

Тоқтылар жақсы отырыс, сауық кештерді ұнатады және ешқашан көңіл көтеру мүмкіндігін жібермейді. Олар айналасындағыларды ынталандырып, көбіне басқаруға тырысып, бәрін өз қалауынша жасағысы келеді. Сонда да Тоқтыларға қашан да болмасын сенім артуға тұрарлық серік қажет. Дәл осы себепті олар көбіне ерте жаста отбасын құрады. Оларға жанында жүрер серік керек, олар өзін қалаулы сезінгісі келеді. Әйел-Тоқты үшін еркек-Арыстан мінсіз жолдас болмақ. Оның бойында мұндай әйел қажетсінетін күш-қуат бар. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?