Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Арыстан жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Талқылау
Пікір
Азамат
19 Қазан, 16

Кербез, тартымды – бұл Арыстандардың артықшылықтарының біразы ғана. Бірақ олардың кемшіл тұстары да жоқ емес. Олардың сабырсыздығын, өзгелердің кемшіліктеріне шыдай алмайтынын атап өтпеуге болмайды. Бір жаққа барар алдында ұзақ жиналады. Алайда серігінің жиналуға 5 минуттан артық уақыт жұмсауына мүмкіндік бермейді. 5 минуттан кейін ертегідегі ханшайым не ханзададан да көрікті болып құлпырып тұруыңыз қажет. Олар жылдам ойлайды және тәкаппар. Бірақ жанынан қызықты, тартымды адам табыла қалса, тәкаппарлығын ұмытып кетеді. Ал олардың тартымдылығына сөз жетпейді. 

Азамат
19 Қазан, 16

Арыстан. Жомарт, ашық, тәкаппар, мейірімді, адамгершілігі мол – бұл Арыстандарды сипаттайын сөздер. Оларды құрметтемеу мүмкін емес. Арыстандардың бойында ұсақ-түйекке, бос нәрсеге құмарлық жоқ. Олар – туа бітті көшбасшы. Олардың ойлау-өрісі кең, өзгелерді магнитше тартып тұрады. Сондықтан олардың қолдаушылары мен сенімді ізбасарлары көп екені таңданарлық емес. Мұндай жандар – шошытуға да, шабыттандыруға да қабілетті. Ал олар өзгеге сезімін білдіріп, көңілін табуға тырысқан кезде, тіпті тасжүрек жандардың да жүрегі елжіреп, ынтық болады.

Арыстандар – намыс сүйгіш және жақындары үшін жанын құрбан етуге даяр. Олар өздерінің сүйіктісімен мақтанады әрі әдемі серігінің жанында жүру ләззат сыйлайды. Тартымды Арыстандардың көбіне көңіл-күйі тұрақты. Оларды ашуландыру үшін қатты тырысу керек болады. Арыстандар сараң емес, жақсы көретін адамдарына соңғы тиынын беруге дайын. Десе де өздерінің көмек қолын күткеніңіз жөн. Әйтпесе оларды ұялтып тастауыңыз мүмкін. Қатал Арыстан тез ұялады әрі сасқалақтап қалады.

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?