Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бикеш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

Талқылау
Пікір
Райхан
19 Қазан, 16

Бикеш. Қарапайым, ұялшақ, үнемшіл, ақылды, өзіне талап қоя біліп, кемелділікке ұмтылу – Бикештердің бойынан табылатын қасиеттер. Оларды алдау екінің бірінің қолынан келмейді. Олар ішкі түйсігі арқылы бәрін алдын-ала сезіп тұрады. Ал ол сезімі оларды жаңылыстырған емес.

Бикештер айналасындағыларға кеңес бергенді ұнатады. Ең бастысы, олардың айтқаны қашан да дұрыс болып шығады. Бірақ өз өмірлерін ретке келтіру Бикештерге оңайға соқпайды. Олар өзі туралы өзгелердің не ойлайтынына қатты алаңдайды. Және ұялшақтығынан да арыла алмайды. Бірақ өмірлерінде дауыл тұрғанда, өз-өздеріне келіп, табиғи ұяңдығын ұмытып кетеді.

Оларға өзі жайлы білгендерігіңзді айтпауға тырысыңыз, бәрі-бір бәрін жоққа шығарады. Бұл жазылғандардың өзімен келісе қоймасы анық. Бірақ жүрегінің түбінде барлығының дұрыс екенін біледі. Оларды сынамағаныңыз жөн. Себебі олар өздеріне талап қоя біледі және қатты сынайды. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?