Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Браузер деген не? Браузердің қандай түрлері бар?

Талқылау
Пікір
Қаламқас
27 Қазан, 16

Браузерді ғаламторға жол ашатын терезе деуге болады. Яғни желіге кіруге және түрлі веб-парақшаларға кіруге мүмкіндік беретін қосымша. Кейде оны ғаламтор-шолғыш деп те атайды. Браузердің бірнеше түрі бар.

Және әр түрінің де мүмкіндігі әртүрлі.

Әдетте стандартты қызметтер арасынан веб-парақашалар мен түрлі ғаламтор ресурстарын көру мүмкіндігін айрқыша атап жатады. Демек кез-келген браузер ғаламтор парақтарын парақтауға мүмкіндік береді.

Браузер түрлері:

  • Google Chrome. Бұл кең таралған әрі танымал браузер. Ол 2008 жылы пайда болған. Бірақ бүгінгі күннің өзінде көпшіліктің жүрегін жаулап үлгерген.
  • Mozilla Firefox. Десе де барузерлер арасында да бәсекелестік бар. Екінші орында Mozilla Firefox еншілейді. Бірақ бұл браузердің талаптары көп. Ол жүйенің көп бөлігін алады. Бірақ әлі күнге дейін сұранысқа ие. 
  • Opera. Әң танымал браузерлер арасында Опера да бар. Ол ескі болғанымен, кең таралған браузер. Оның негізгі артықшылығы - софт қызметтері. Ол жоғары деңгейге дейін кеңейтілген. 
  • Explorer. Бұл "Майкрософт" бағдарламаларының тізіміне кіретін стандартты ғаламтор-шолғыш. Талаптары көп, қызмет түрлері аз. Қауіпсіздік тұрғысынан да ақсайды. Ал жұмыс жылдамдығы көпшіліктің көңілінен шықпайды. 
  • Yandex. Соңғы уақыттарды браузерлердің ғаламтор қолданушылары арасында кең етек алып келеді. Ол кей тұстарымен "Хромға" ұқсайды. Бірақ "Гугл" ұсынған интерфейс - қарапайым әрі ыңғайлы. Бірақ жылдамдығы, қауіпсіздігі мен талаптарын салыстырғанда, айырмашылық жоқ. 
Компьютер және интернет категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Big Data дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Чип дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

html дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Веб-сайт дегеніміз не?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Таргет дегеніміз не?