Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жазуы бойынша адам мінезін қалай білуге болады?

Талқылау
Пікір
Нағима
27 Қазан, 16

Жазуы ұсақ адамдардың мінезі жеңіл келеді. Мұндай адамдардың ерекше қасиеттері - айрықша ақылы. Олар айналасындағылардың өмірі мен мінез-құлқындағы аздаған өзгерістің өзін байқап жүреді. Нақтылықты ұнатады. Ал мінездері - ашық әрі мейірімді. Достары көп, тез тіл табысады. 

Жазуы ірі адамдардың өмірлік қуаты мол. Олардың мінезі жайсаң. Қашанда айналасындағыларға көмек қолын созуға даяр. Олардың ойлау қабілеті жоғары. Десе де бұл қасиеттеріне қарамастан, оларды басқару оңай. Себебі олар алаңғасар келеді және адам тани білмейді.

Оған қоса жазудың қай жаққа қисайғаны да маңызды. Егер оң жаққа қисайтып жазса, кекшілдігі бар. Ол кез-келген жайға ренжіп, ренішін іште жинай береді. 

Ал сол жаққа қисаюы тұлғаның өзін көрсеткісі келетінін білдіреді. Мұндай адамдар кез-келген топтың ортасында болғанды ұнатады. Әрдайым өзгелердің назарын өзіне аударуға тырысады. 

Ал жазуы тік адамдар күшті, мінезді. Олар көбіне көшбасшы болып келеді. Оған қоса өмірден нені қалайтынын нақты біледі. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?

1
Ақберен
1 жыл бұрын пайда болды

Алюминийден не жасалады?