Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қан тобы бойынша адам мінезін қалай білуге болады?

Талқылау
Пікір
Асқар
21 Қазан, 16

4-топ

Олар – сабырлы, биязы, байсалды әрі жайдары адамдар. Мұндай жандармен араласу жеңіл әрі жағымды. Оларды бәрі жақсы көреді, себебі мейірімді, жұмсақ мінезді. Төртінші топтағы қан иелерінің кемшіліктері – шешім қабылдауда қорқақтау, жаңа дүниенің бәрінен секемдену, керек шешімді қабылдай алмау. Олар өмірден нені қалайтынын білмейді. Өзін-өзі төмен бағалайды. Мұндай адамдар індет, жүрек аурулары, қаназдықтан сақтануы тиіс. Ер адамдар төсек қатынасының шеберлері. Нәзік жандылар олар десе ішкен асын жерге қояды. Ал әйелдер өте сезімтал. Жыныстық ләззат ала алады.

Дариға
20 Қазан, 16

3-топ

Бұл адамдар кез-келген жағдайға тез бейімделеді. Олар өзге адамдармен жылдам тіл тбысып, бекітілген ережелер мен тәртіпке бағынып, сабырлы келеді. Үшінші топтағы қан иелерінің бойындағы кемшіліктер тұйықтық пен жекешілдік. Ал дертке келер болсақ, оларға өкпе қабынуы, ұмытшақтық, иммунитет әлсіздігінен сақтану керек. Ер адамдар төсек қатынасын ермек ретінде көреді, сондықтан жұбайының көзіне шөп салуы мүмкін. Ал әйелдер тән жақындығына салқындық танытады. Десе де олар – адал жар. 

Лаура
20 Қазан, 16

2-топ

Бұл адамдар адамгершілік, заңға бағынушылық, тәртіпсүйгіштік, қарапайымдылық және ұқыптылығымен ерекшеленеді. Олар өздерін қадағалай біледі. Екінші топтағы қан иелері өзге адамдарды, олардың меншігін сыйлай біледі. Сонымен қатар басқа адамдармен серіктес бола алады. Олар тапқыр әрі сабырлы, сезімтал, мейірімді, тәртіп пен үйлесімділікті сүйеді. Бұл адамдардың кемшілігі – қырсықтығы мен көңіл көтере білмеуі. Десе де жағымсыз ойлар мен өкпе-реніш, ашудың бәрін ішіне бұға бергендіктен, күндердің күнінде қатты ашуға берілуі мүмкін. Мұндай адамдар көбіне демікпе, сусамыр, жүрек ауруларына шалдығуға бейім. Ал төсек қатынасында ұяң, ұстамды. 

Аида
20 Қазан, 16

1-топ

Бұл - мықты, мақсатқойғыш, өзіне сенімді,үнемі билікке ұмтылатын, көшбасшы болуды армандайтын адамдар. Көбіне олар көшбасшылыққа жетеді де. Оларда өзін-өзі қорғау сезімі жақсы дамыған. Ағзасының төзімділігі мен күштілігі оларды құрамында ақуызы көп тағамдармен қамтамасыз етеді. Ақуыз мөлшері жетіспегенде 1-топтағы қан иесі әлсіреп, күш-қайраты төмендеп, артық салмақ жинайды. Мұндай адамдардың жүйкес жүйесі мығым, Олардың жағымсыз қасиеті: тәкаппарлық пен қызғаншақтық, менмендік, сын көтере алмаушылық. Олар асқазан-ішек жолдары ауруларымен, ағзаның тітіркенуі мен қалқанша безі қиындықтарына, қан ұйымаушылығы ауруларына бейім. Бірінші топатығы ер адамдар - жақсы көңілдестер, бірақ серігінің қалауы жайлы көп ойлай бермейді. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
0
455243
1 апта бұрын пайда болды

Биотехнология деген не

1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?