Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Күтпеген кездесу" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Әнел
20 Қазан, 16

...Әйтеуір, ҰБТ-ны да тапсырып, арқамнан ауыр жүк түсті. Қалаған университетіме барып, құжат тапсырмақ болдым. Мен жеткенше сағат бірдің шамасы болып қалған екен. Құжат қабылдау бөліміндегілер түскі ас ішуге кеткендіктен, университет маңындағы саябақта күткенді жөн көрдім. Саябаққа беттей бергенім сол еді, шеткері орындықта отырған Айжанды көрдім. Дәл өзі. Аң-таң болып қасына барып, мелшиіп тұрып қалыппын. Ол бетіме жымия қарап: "Мен құжаттарымды тапсырып қойдым. Сені күткен едім", - деді де, бас салып құшақтай кетті. Көзімнен тырс еткен жас иығына тамды. Үнсіз ғана құшағымда қысып-қысып жіберіп, бетінен алма кезек сүйдім. Сөйтсем ол бәрін алдын ала ойластырып қойып, тосыннан кезігуді жоспарлаған екен. Бұл мен күтпеген кездесу болды. 

Әнел
20 Қазан, 16

Менің бала күннен бірге өскен досым бар. Оның есімі - Айжан. Екеуіміз көрші тұрып, қатар өсіп, бір мектепке барып, бір сыныпта оқыдық. Қуанышты да, қиындықты да бірге өткердік. Ол туысымдай еді. Мен алтыншы сыныпқа көшкенде ата-анам қаладан үй алып, көшіп кеттік. Айжанмен қимай қоштастық. Алматыдан дос-құрбылар тапсам да, дәл Айжандай сырлас таба алмадым. Жылдар өтіп, 11-сыныпты да тәмамдадық. Бұған дейін Айжанмен телефон арқылы хабарласып, достығымызды аялап қорғаған едік. Соңғы уақыттардан бері Айжанның Алматыға келгенін қалап, құлақ етін жедім. Ол Астанада білім алуға ұйғарғанын қайталайтын. Ішімде реніш бар... 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?