Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сағыныш туралы өлеңдер бар ма?

Талқылау
Пікір
Аман
20 Қазан, 16

Сағыныш жырлары
(Бірінші өлең)

Айтылмады бүгін тағы асқақ ән,
Жазылмады жақсы жыр.
Мен шабытты енді қалай басқарам
Басқалардан жазып жүр...

Сағындым рас...Бірақ нені білмеймін.
Көпке айтпаған назым бұл
Шуағымды ақ бұлт жапқан күндеймін
Жылауға да әзірмін.

Сүйіктім бе... Алматы ма белгісіз
Жүрегімді тырнап жатқан сыздата
Қара теңіз толқыны ма сенгісіз
Көңілімді қарып өтті мұздата.

Тағы айтамын, сағындым мен сағындым
Сар сағымға кеткім келед(і) ілесіп
Үзілердей үміттерге табындым
Жүрмесім хақ күресіп.

Мәді Балсан Айыфқызы

Аман
20 Қазан, 16

Сағыныш жырлары
(Екінші өлең)

Көздеріңе үңілгенде қуаныш,
Маған ұзақ қарайтын.
Бұл күндері жаныма тек жұбаныш
Сенсіз атқан арай күн!

Бақытыма құшағыңды балағам,
Нәзік қана күлкіңді.
керек емес маған шаттық жаңадан
Сағынамын өткен күнді бүртүрлі.

Егіз сезім еркелеткен екеуді
Сырт қалғанда өкпек мұң.
бауырды езген сағыныштың өтеуін
енді кімнен күтпекпін?!

Мәді Балсан Айыфқызы

Мейрам
20 Қазан, 16

Қызыл шарап ... ішілместен тұр әлі,
Қыз көзінде сары күздің жыр-әні.
Ал сары күз-сағыныштың ескегі,
ал сағыныш-күзгі мұңнын ҚҰРАНЫ.

Оқылмайды бұл ҚҰРАН 
Жанын қыздың түсіне алмайды ешкім...
Далада жүр қайыр сұрап бір сыған
Бақытына бас ұрар ма еді?!
...Тым кеш тым...

...Сыпырғы үні,
Сықырлаған тамшылар,
Жүректегі дертіңді кеп жаншылар 
Сағынышы езіп өтер күзде де 
Бақытынан басы айналған бар шығар?!

Терезеге телмірген қыз жанары 
Сауысқанда сақ әніне салады
Сұлу қыздың сорлы үміті және де 
Солып жатыр күзгі гүлдің сабағы...

Мәді Балсан Айыфқызы

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы