БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Махаббат туралы афоризмдер білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Қарақат
20 Қазан, 16

Сүю — бір-біріне қарау деген емес, бір бағытқа бірге қарау деген сөз. 

Антуан де Сент- Экзюпери

***

Махаббат – әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.  

Абай

***

Тек кездесу мен қоштасу сағаттарында ғана адам шын мәнінде өз жүрегінде қанша махаббат жасырынып жатқанын біледі. 

Ж.П. Рихтер

Шоқан
20 Қазан, 16

Махаббат – зор саналылықтың, білгір-білімділіктің, асқан ақыл-ойдың жемісі емес, ол – тек жерде ғана өмір сүретін, бірте-бірте архаизмге айналатын, тууы бар, өсіп-өнуі жоқ көзге көрінбей мәңгі жасайтын бейнесі белгісіз Дара ұғым. 

Оралхан Бөкей

***

Махаббатты ләззат деп қана түсінген пендеқайғы-қасірет,зар мен сор ғана әкеледі.

В.А.Сухомлинский

***

Махаббат — адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы. 

Чарльз Диккенс

***

Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділікпен, баяндылықпен өлшенеді. 

Цицерон

***

Достық пен махаббат - осы екі ұлы сезім адамды мүлде өзгертіп жібереді. 

Ж.Поль

***

Тәкаппарлық айғай салғанда, махаббат үнсіз қалады. 

Ф. Жерфо

Махаббат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Альфонс деген кім?

1
172517
4 жылы бұрын пайда болды

Кызды калай коздыруга болады

1
Жазира Усманова
5 жыл бұрын пайда болды

Менің жолдасым менің көзіме шөп салып жүр. Мен не істесем болады?

1
Айсамал
6 жыл бұрын пайда болды

Айсамал есімі қандай мағына береді