Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Менің туған өлкем" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Әлиасқар
20 Қазан, 16

Төбесі көкті тіліп, бұлтпен сырласқан маңғаз таулардан рухани биіктікті, жайқалған жасыл желегінен өмірге сүйіспеншілікті, жылыжүзділікті, қыбыр-жыбыры таусылмас жәндігінен еңбекқорлықты үйрендім. Қарап тұрсақ, адамдықтың өзін еңбегінің өтеуін сұрамайтын аңғал даладан үйренеді екенбіз. Туған жер төсінен жырақта жүріп, сағынып келіп құшағына ден қойғанда еріксіз елжіреп, тұла бойыңның шымырлайтыны да туған топырағыңды аңсағаннан ғана емес, оның көкейіңе салған адамдық ұстанымын да сағынғандықтан болар.

Туған дала төсіне жүгіріп шығып, о шеті мен бұл шетіне көз жүгіртіп, айналаңа көз салсаң, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамызша: "Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!" - демеске еш шараң қалмайтындай.

Әлиасқар
20 Қазан, 16

Туған жер - әркімнің кіндік қаны тамған қасиетті мекен. Оның күні де, түні де, тау-тасы да, сарқыраған өзені мен жайқалған көк майсасы, еркелей ескен желі, шұрқыраған жан-жануары, шырылдаған құстары - бәрі де жаныңа ерекше ыстық, ерекше жақын. Қайда жүрсең де өзіне тартып тұратын, есіңе түссе көңіл қобызыңды беу-беулетіп, жүрек отын жағатын дүние есігін ашқан жеріңді сүймеу, алыстасаң сағынбау мүмкін емес. Себебі, туған жер - Сахарада да туған жер. Жерінде жеміс-жидек бітік өсіп, көк желегі жайқалмаса да, қу шөптің басы қылтимайтын туған топырағың бәрі-бір де қасиетті, бәрі-бір де өзге жер, өңге мекенмен салыстыруға да келмейді.

Менің туған жерім - қасиетті, құтты қоныс. Ол мені құшағында мәпелеп өсіріп қана қойған жоқ, дала тәлімін, тәрбиесін берді. Оның төсінде үйренгенім мен түйгенім көп.  Ондағы жасыл түгі басылмай керіліп жатқан кермиық кең дала мені сабырлылық пен салмақтылыққа, кеңпейілділікке тәрбиеледі. Ал жаныңа тыныштық сыйлап, анда-санда әрлі-берлі сипай өтіп, қытығыңа тиетін барары мен келер жері беймәлім ерке жел еркіндікке үйретсе, сыңғыр күлкісі еріксіз елітетін бұрымды өзен-ару бір байыппен сылдырай ағып, сабырлылық пен байыптылыққа баулыды. 

Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Batyrkhan_kausar
2 жылы бұрын пайда болды

"Ұшқан ұя" (Бауыржан Момышұлы) қысқаша мазмұны бар ма?

0
Назерке
2 жылы бұрын пайда болды

Басқаға ұқсау оңай ма? тақырыбында эссе

0
Araika
3 жылы бұрын пайда болды

Отбасы туралы эссе барма??

0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды

«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

 «Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

Бағалау критерийі:

Эссе жазады

Эссе құрылымын сақтайды

 

3 аргумент келтіреді

 

Дәлелдері жеткілікті

 

Тақырыпты аша алады

 

Өзіндік көзқарасы, пікірі бар

Орфографиялық норма

 Сауатты жазады

2
Алмас
5 жыл бұрын пайда болды

Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді

Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?