Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әлемдегі ең әйгілі мумияларды білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Думан
27 Қазан, 16

Даши - Доржо Итигелов. Даши-Доржо Итигэлов монах болған. Бірде 1927 жылдың түнінде ол өзінің студенттері мен діндес бауырларына өлер шағы келгенін хабарлаған. Десе де өлер алдында арнайы рәсім жасауға қатысуларын сұраған. Аңыз бойынша Даши-Доржо ғұрып барысында қайтыс болған. Өлгеннен кейін қайыңнан жасалған табытқа лотос қалпында отырған күйі салынып, жерленген. Бірнеше жылдардан соң монах денесін табыттан алған. Оның әлі де лотос қалпында отырғаны, денесінің мінсіз сақталғаны ғалымдардың таңданысын тудырды. Ол қайтадан жер қойнына тапсырылып, табытта тұзды ортаға қойған. Таяу арада монахтың денесі екінші қайта табыттан алынды. Ғалымдар мен сот-медициналық сарапшылар монах денесінің мінсіз дерлік күйде сақталғанына аң-таң болған. Тері мен шашына жасалған талдау нәтижесі монахтың 100 жыл бұрын емес, 36 сағат бұрын қайтыс болғандай күйде екенін көрсеткен. 

Нұрлан
27 Қазан, 16

Әлемдегі әйгілі мумиялар:

  • Укока ханшайым. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, Укока ханшаым 2500 жыл бұрын 25 жасында қайтыс болған. Ғалымдардың топшылауы бойынша, ханшайым Сібір тауларында мекендеген Пазырык тайпасының мүшесі болған. Бұл тайпа өкілдері адамдардың о дүниеде бірін-бірі татуировка көмегімен табатынына сенген. Бәлкім, ханшайым қолындағы татуировка осы себепті жасалған болар. 
  • Тутанхамон Торки. Аллан Биллис 2011 жылы 61 жасында өкпе қатерлі ісігінен аөз жұмған таксист. Өлер алдында ер адам денесін ғылымға арнайтынын айтып кеткен. Ғалым Стефан Баклидің еңбегінің арқасында, Биллис мәйіті көне Мысырда қолданылған әдіс бойынша мумияланған. 
Айзада
27 Қазан, 16

Жерлеу рәсімінде көз жасына ерік беріп, рәсімді қайғылы санайтын бізге қарағанда, ата-бабаларымыз адам дүниеден озғанда түрлі күрделі әрі тылсым ғұрыптар жасап, құдды мерекеге айналдырған. Бұл қорқынышты, бірақ қызықты ғұрыптар байырғы қоғамда адам жерлеуінде міндетті түрде жасалуы тиіс болған. 

Әлемдегі әйгілі мумиялар:

  • Рамсес ІІІ. Рамсес ІІІ 20-әулет билік құрған тұста Мысыр перғауыны болған. Мыңдаған жылдар бойы ғалымдар оның өлімінің себебін белсенді түрде талқылауда. Ғалымдардың қуанышына орай, оның денесі күрделі заттар кешенімен өңделген. Соның салдарынан ғасырлар өтсе де мәйіті жақсы сақталған.
  • Граубаллелік адам. Болжам бойынша, жас жігіт құдайларға арнап құрбан шалу барысында көз жұмған. Ол 30 жасқа жетпей қайтыс болған. Мойнындағы терең тілік жігіттің зорлық-зомбылық салдарынан қаза болғанын аңғартады. 
Қазақстанның көрнекі жерлері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айымжан
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі мұздық қалай аталады?

1
Айнаш
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстанның ең алғашқы астанасы

1
Айнұр
1 жыл бұрын пайда болды

Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

1
Айсұлтан
1 жыл бұрын пайда болды

Бәйтеректің биіктігі қанша?