0 интересует 0 не интересует
спросил 25 Окт, 16 от Айдос в категории Құттықтаулар және өлеңдер

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Жас жұбайларға арналған тілектер

Құрметті, жас отау тігіп, шаңырақ көтеріп отырған жастар! Сіздерді бүгінгі тойларыңызбен, үлкен өмірге аттаған қадамдарыңызбен құттықтаймын! Ұстасқан қолдарыңыз жәннатта да баяныд болып, арттарыңыздан көп қара домалақ ере берсін. Біріңіз үйдің басы, отағасы болсаңыз, біріңіз жанына серік, көңіліне медеу болып, ошағының түтінін түзу түтетер отанасы болып отырсыздар. Дәйім шаңырақтарыңыздан қуаныш пен шаттық кетпесін. Бақытты болыңыздар!

***

Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз! Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн.  "Үйлену оңай, үй болу қиын", - дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!

***

Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын! Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!

ответил 25 Окт, 16 от Қаныш
0 интересует 0 не интересует

Өмірде үш бақытты құс бар: көгершін, қарлығаш, аққу. Көгершіннің мейірімділігін, қарлығаштың қайырымдылығын, аққудың ақ махаббатын тілеймін.
Өмір теңіз, жүзе біл
Махаббат келсе күте біл,
Өмір әдемі баспалдақ,
Сүрінбей одан өте біл!

***

Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!

ответил 25 Окт, 16 от Жасан