Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ұялшақтықты қалай жеңуге болады?

Талқылау
Пікір
Аяла
26 Қазан, 16

Ұялшақтықтан арылу жөніндегі кеңестер:

Өз таныстарыңыз ішінен өзін сенімді ұстайтын танысыңызды таңдап алып, одан үлгі алуыңызға болады. Оны жіті бақылап, қай жағдайда қалай әрекет ететінін, мінез-құлқын бақылаңыз. Соған ұқсас жағдайға өзіңіз тап болғанда өзіңізді дәл танысыңыздай ұстаңыз.

Сонымен қатар керісінше әдіс арқылы да ұялшақтықты жеңуге болады. Таныстарыңыздың арасынан ұляшақ адамды таңдаңыз. Оған ұялшақтығынан арылуға көмектесіңіз. Осылайша өзіңіз де ұялшақтықты жеңесіз. 

Жазира
26 Қазан, 16

Ұялшақтықтан арылу жөніндегі кеңестер:

Ұялшақтықты жеу үшін, алдымен оның себебін анықтап алыңыз. Мүмкін сіз сыртқы кейпіңіз, келбетіңіз, сөйлеудегі кемшіліктер себепті ұялатын боларсыз. Бәлкім өзіңізді қызықсыз адам деп білетін шығарсыз. Себебі қандай болмасын, бұл қиындықтардың бәрінің шешімі бар. Сырт келебітіңізді өзгерту қиынға соқпайды. Ал сөйлеудегі кемшіліктен арылу үшін арнайы маманның көмегіне жүгініңіз. Ал адамдарға қызықты болу үшін, жан-жағыңызда болып жатқаннан хабардар болып, көп кітап оқыңыз.

Егер нақты себебін анықтай алмасаңыз, мүмкін сіз өзіңізді бала күніңізден ұяң сезінуге әдеттенгеннен болар. Ұялшақтытқты жеңу үшін өзіңізді өзіне сенімді адам ретінде сезініп көріңіз. Ол үшін үйде ешкім жоқта бұл әдісті байқап көруіңізге болады. Тік әрі маңғаз жүріп, нық сөйлеңіз. Уақыт өте келе өзге адамдар ортасында да өзіңізді осылайша ұстай алатыныңызды сезінесіз.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?