БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Борщ рецепті бар ма?

Талқылау
Пікір
Алтынай
25 Қазан, 16

Дайындалуы:

  • Етті қайнатып қоямыз. Қайнағаннан кейін тазаланған картоп саламыз. 
  • 5 минуттан соң туралған орамжапырақ саламыз. Кәстрөлдің қақпағын толық жаппау керек. 
  • Сәбіз бен қызылшаны үккіштің үлкен көзінен өткіземіз. Табаны қыздырып, май құямыз. Сәбіз бен қызылшаны саламыз. Бірден 2 ас қасық сірке су (егер эссенциясын қолдансаңыз, сумен араластыру қажет), қант қосу керек. Араластырып, қақпағын жауып, 15 минутқа қалдырамыз. 15 минутқа жетіп қалғанда, үккіштен өткізілген қызанақ қосамыз. 
  • Картоп пен орамжапырақ піскенде, сәбіз бен қызылша қосамыз. Барлығын араластырып, баяу отқа қоямыз.  Ең бастысы, борщ қайнап кетпеуі керек.
  • Дайын болған соң туралған аскөк пен сарымсақ қосамыз. Қақпағын жауып, біраз уақытқа қалдырамыз.

Астарыңыз дәмді болсын!

Алтынай
25 Қазан, 16

Борщ рецепті

Қажетті заттар:

  • ет - 400 г
  • картоп - 5 дана
  • қызылша - 3 дана
  • сәбіз - 3 дана
  • орамжапырақ - 1 дана
  • қызанақ - 1 дана
  • сірке су - 2 ас қасық
  • қант - 1 ас қасық
  • тұз
  • аскөк
  • сарымсақ

Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?