БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ауа температурасы қанша градус болғанда балаға бас киім кигізу керек?

Талқылау
Пікір
Данагүл
31 Қазан, 16

Өкінішке орай, ауа температурасына байланысты нақты кеңес беру мүмкін емес. Себебі баланың жасы, ауа райына байланысты жағдай да өзгеріп отырады. Мысалы, дүниеге жаңа келген сәбилерге мақтадан жасалған бас киімді бөлме температурасы 20 градустан төмен болғанда кигізу қажет. Себебі олардың бойындағы жылуды реттеу қабілет әлі де толық дамымаған, еңбегі қатпаған, және нәресте бастағы қан айналымының көптігінен тоңып қалады.

Ал одан ересектеу балаларға келер болсақ, бұл ретте баланың далада жүргендегі белсенділігіне қарау қажет. Сонымен қатар ауа райының да маңызы зор: кейде 18-20 градус жылылықта немесе қатты жел тұрғанда бас киім міндетті түрде кию қажет. жылы киінуге тиіс температуралық жағдай жел, күн және жаңбырды есепке алмағанда, 10 градус жылылық. Балаларыңыздың денсаулығына мұқият болыңыз. Себебі баланың далада терлегенін  оңып қалғанындай жағдай ретінде қарастыруға болады. Ескі мектеп педиатрлары ұсынатын жақсы қағида бар: өзіңіз қалай киінсеңіз, баланы да солай киідіріңіз. Бірақ қосымша бір жейде кигізуді ұмытпаңыз. 

Жанат
26 Қазан, 16

Құқықтық құжаттардың ешбірінде температураға байланысты нақты ұсыныстар айтылмаған. Ата-аналар ауа-райына және балаларының хал-ахуалына мән беруі тиіс. Мысалы, даладағы ауа температурасы 12 градус жылы болса, күн жылы, желсіз болған жағдайда бас киім кигізудің қажеті жоқ. Алайда дәл осындай температурада солтүстіктен жел соқса, әрине, жылы киіну керек. Бала үшін қолайлы ылғалдылық 50-70 пайызды құрайды. 

Тағы да бір маңызды мәселе - баланың жасы. Егер бала мүлдем кішкентай болса, оның мұрынын, бетін, қолын ұстап көру арқылы тоңған-тоңбағанын байқай аласыз. Егер тоңып қалса, үйге апарып, жылы сусын беріп, жылырақ киіндіріңіз. Егер сөз алты жастан жоғары бала туралы болса, ол таза ауада белсенді тынығуы тиіс. Ол үйге келгенде қатты терлеп, киімдерінің су болғанын байқасаңыз, серуендеуге жеңілдеу киіндіргеніңіз абзал. Ал бас киім алғанда, табиғи маталардан (мысалы, мақта) тігілгенін таңдаңыз. Қажет болған жағдайда бас киім сыртынан капюшон кигізіңіз. 

Киім таңдап, бас киім кигізу қажеттілігі болған кезде баланың жай-күйіне назар аударыңыз. Егар бала жақында ғана сырқаттанса, тәуекелге барудың қажеті жоқ. Жылы киіндіргеніңіз жөн. Және міндетті түрде балалар дәрігерімен кеңесіңіз. 

Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aisulu
3 жылы бұрын пайда болды

Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?

Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.

3
Букирбаева Камила
3 жылы бұрын пайда болды

Көпбалалы ана мәртебесін қалай аламын?

0
Ләззат
5 жыл бұрын пайда болды

Ләззат есімінің мағанасы қандай?

2
Архат
6 жыл бұрын пайда болды

Шахназ есімінің мағынасы қандай?

3
Саида
6 жыл бұрын пайда болды

Саида есімінің мағынасы қандай?

Саида есімінің мағынасы қандай?