0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Фев, 16 от Ермек в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Айтыс бүгінгі күн де өз жалғасын тауып келе жатқанымен, заманауи жастар арасында кең тарап, сүйікті өнер түріне айнала алмады. Оның себебі де жоқ емес. Қазіргі уақытта бос уақытыңды өткізуге арналған видеоойындардан бастап, велосипедпен серуендеуге жалғасатын түрлі ойын-сауық түрлері бар. 

Десе де біраз уақыттан бері "Домбыра-пати" сынды іс-шара ұйымдастырылып келеді. Ол дәл бұрынғы айтыс сипатында болмаса да, қазіргі заманауи қазақ жастарының талабына сай. "Домбыра-пати" көбіне шет елдерде өткізіледі. Шет елде тұрып жатқан не білім алып жүрген қазақ жастарының бойындағы ұлттық мәдениет пен ұлттық сананасын оятып, оларды сақтап қалу үшін "Домбыра-патидің" әжептеуір үлесі де бар. 

Айтыс тек қана ойын-сауық емес. Ол, бір жағынан, өзге ұлт өкілдеріне қазақ мәдениетін таныстыру. Одан қалса, айтыс феномені - тек қазақтың туындысы, заманауи тілмен айтқанда, қазақы бренд.

Жақын уақыттарда "Домбыра-пати" өз жалғасын шағын айтыс ретінде тауып, қазақ жастары  көңіл көтеріп, рухани ләззат алу үшін ұлттық мәдениетімізге жүгінетініне сенімдімін.

ответил 01 Март, 16 от Гаухар