0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Фев, 16 от Раушан в категории Танымал тұлғалар
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мұқағали Мақатаев ерте үйленген.  Әйелі Лашын Әзімжановамен Мұқағали өзі қызмет атқарған Шибұт ауылында танысады. Институтта сырттай оқыған Лашын ауыл мектебінде мұғалім болып, бала оқытқан. Сол мектептің 10-сыныбында оқып жүрген Мақатаев өзінен 2-3 жас үлкен мұғаліміне ғашық болып қалады. Ол 1949 жылы шаңырақ көтереді. Берекелі шаңырақта Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл есімді бес бала дүниеге келген. Ақынның жары бала тәрбиесімен айналысып, қашан да үйдің берекесін келтіріп отырған. Ақынның жары арқау болар жарының қазасынан кейін де оның еңбектерін жиыстырып, естеліктер жазып, Мұқағали мұрасының сақталуына едәуір үлесін қосқан. 

Мұқағали Мақатаев әйелі Лашын Әзімжановамен

Мұқағали Мақатаев отбасымен

ответил 01 Март, 16 от Айқын