Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жапония білім жүйесі туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Зарина
07 Қараша, 16

Жапонияда оқу жылы 1 сәуәрде басталады және үш триместрден тұрады. Демалыс кестесі мектеп, балабақша, жоғары оқу орындары үшін бірдей. Жапониялық оқуышлар дүйсенбіден жұмаға не сенбіге дейін, аптасына 5 немесе 6 күн оқиды. 

Жапония білім беру жүйесіндегі мектептердің көбі - муниципалды және бюджет қаржыландырады. Бірақ 5 пайызы - жеке меншік мектептер. Жапония мектептерінің оқушылары 12 жыл оқиды. Мектептегі сыныптар үлкен, 40-қа жуық оқушы оқиды. Әр сыныптың өз кабинеті бар және мұғалімдер онда сабақ өткізу үшін келеді. Сабақтың ұзақтығы 45 немесе 50 минут. 10-12-сыныптарда оқу міндетті емес. Бірақ оқушылардың 94 пайызы 12 жыл оқиды.

Бастауыш мектеп - 6-дан 12 жасқа дейін (1-6 сыныптар);

Орта мектеп - 13-тен 15 жасқа дейін (7-9 сыныптар);

Жоғары мектеп - 16-дан 18 жасқа дейін (10-12 сыныптар).

Мектеп бітіргеннен кейін түлектердің 75,9 пайызы жоғары оқу орындары, училище, колледждерде білімін жалғастырады. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерлан
1 жыл бұрын пайда болды

Ғарышқа ең алғаш ұшқан ғарышкер кім?

1
Айғаным
1 жыл бұрын пайда болды

Мұнайдан қандай өнімдер алуға болады?

1
Болатбек
1 жыл бұрын пайда болды

Ең үлкен планета қандай?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Күнге ең жақын орналасқан қай планета?

1
Ақберен
1 жыл бұрын пайда болды

Алюминийден не жасалады?