Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айша бибі мазары туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Дария
03 Қараша, 16

Қыздың өлермен халде жатқанын көрген Қарахан Айша-бибіні көтеріп алып, некелерін қидыру үшін жақын маңдағы ауылға молда іздеп барады. Олардың отбасылық бақыты бірнеше минутқа ғана созылып, қыз батыр қолында о дүниеге аттанады. Сол сәтте Қараған Айша-бибіні өмір бойы сүйіп өтуге уәде береді.

Біраз уақыттардан кейін Айша-бибі дүние салған жерде мазар тұрғызылады. Өлгеннен кейін сүйіктісінің жанында болу үшін, мазардың жанына Қарахан өзіне де арнап мазар салдырады. Өмірінің соңғы күніне дейін ақ киім киген Қарахан Айша-бибі мазарының маңында өмір сүріп, Құдайға сыйынып, кешіріп тілеп өмір сүреді. 

Құдайға беріліп, таза өмір кешкені үшін жұрт оны әулие санаған. Сондықтан да ол жерді Әулиеата атап кеткен.

Дария
03 Қараша, 16

Айша бибі мазарының тұрғызылуы жайынан

Бұрынғы уақытта Қарахан деген батыр өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол өзінің қас дұшпанының қызы Айша-бибіге ғашық болып қалады. Қыз әкесінің батасын алудан үміттенбеген батыр бір күні ауылға басып кіріп, қызды алып қашады. Қыздың әкесі артынан қуғыншылар жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.

Ғашықтар артындағы қуғыннан ұзық уақыт бойы қашады. Ас үстінде бірнеше күн өткізгеннен кейін шаршаған олар жолда аялдайды. Осы уақытта Айша-бибі шаршағанын басу үшін Асу өзеніне түсуге ұйғарады. Осы уақытта қуғыншылар да келіп жеткен еді. Қыздың суға түсуге кеткенін білген олар Айша-бибінің сәукелесіне жылан салып қояды. Суға шомылып, сергіген Айша-бибі жағаға шығып, киіне бастайды. Басына сәйкелесін киген сәтте, жыланшағып алады. Айша-бибі есінен танып қалады. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?