Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Аскөк (укроп) суының қандай пайдасы бар? Оны қалай жасайды?

Талқылау
Пікір
Жанар
04 Қараша, 16

Аскөк (укроп) суы ішек құрттарына, микробтарға қарсы, қақырық түсіретін әсерге ие. Аскөк дәнінің эфир майлары антибактериялық, жел айдайтын, қабынуға қарсы көмек көрстеді.

Аскөк дәндерінің құрамында эфир майы көп мөлшерде кездеседі: дәндерінде 6,5%-ға дейін болса, жапырақтарында 0,5%-ға дейін. Өсімдік құрамына кіретін олеин, линол, пальмитон қышқылдары мен анетол, метилхавикол, α-пинен, α-фелландрен, терпинолен, цитраль, борнилацетат, камфара, фенхон, цинеол, лимонен ішектің дұрыс жұмыс істеуіне әсер ететін емдік қасиет көрсетеді.

Аскөк суын әзірлеу үшін:

Аскөк дәндерінің 1 ас қасық мөлшеріне 1 стақан ыстық су құйып, су буында 15 минут көлемінде қайнатыңыз. Ересектерге тамақтан кейін күніне 3 рет стақанның 4-тен 1 бөлігі мөлшерінде ішу керек. Омыраудағы балаларға емізуден 10 минут бұрын 1\3 шай қасық мөлшерінде беру қажет. Дайын ерітіндіні тоңазытқышта бір айдан артық сақтауға болмайды. Ең дұрысы, әр кез жаңадан жасап отырған абзал.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?