Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Өтеген батыр туралы қандай мәліметтер бар?

Талқылау
Пікір
Айсара
01 Наурыз, 16

Өтеген батыр - XVIII ғасырдың алғашқы жартысында жоңғарларға қарсы шайқасқан әйгілі қазақ батырларының бірі. Батыр 1699 жылы дүниеге келген. Ол Ұлы жүздің Дулат руынан шыққан. Атасы 1635 жылы Ойраттың Батыр ханының елу мың әскеріне тойтарыс берген Салқам Жәңгірдің әскерінің құрамында болған. Өтеген батыр 15 жасынан жорықтарға қатыса бастаған. 1723 жылы Райымбек, Хангелді батырлармен бірге жоңғарлармен шайқасқан. 1740 жылы Іле өзені бойындағыТөле би әскеріне қосылып, қазақ жерін жаудан азат етуге атсалысқан. 1756 жылы Абылай ханның Қытаймен бітімге келу саясатына қарсы шыққан. Аңыз бойынша, батыр 17 жылдан кейін еліне оралған. 

Өтеген батыр есімі ел арасында аңызға айналды. Ең алғаш ол туралы Сүйінбай ақынның атасы Күсеп ақын жырлаған.

Ел арасындағы аңыздар бойынша, Өтеген батырдың әкесі Өтеғұлдың 12 ұлы обадан аман қалмайды. Өтеғұл ол уақытта елу жастан асқан екен. Он екі ұлын бірдей жоғалтқан Өтеғұл уайым-қайғы жұтады. Күндердің күнінде Өтеғұл түс көріп, түсінде ақсақал: "Қайғырма, жақын арада он екі ұлыңа татитын ұлды боласың",- дейді. Шынында да, көп уақыт өтпей Өтеғұлдың кіші әйелі Нұрбала дүниеге ұл алып келеді. Ол батыр болып, елінің атын шығарған Өтеген батыр еді. 

Қазақ жерін жаудан азат еткеннен кейін, Өтеген батыр өмірінің соңына дейін қазіргі Қапшағай жерінде өмір сүріп, 1773 жылы дүние салады. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?