Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Орбұлақ шайқасы туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Гүлден
04 Қараша, 16

Орбұлақтың тарихи атқа айналғанына да талай жыл өтті. Алайда 1643 жылы, яғни батыр бабаларымыз қалмақтың 50 мың қолына тосқауыл қойғанға дейін ол араның қалай аталғанын кәзір ешкім білмейді. Білетініміз тек Орбұлақты шығыс бетіндегі жота Жарбұлақ, ал оңтүстігіндегі беткей Қызылқыйа аталыпты.

Шайқастың 1643 жылы өткені жайлы алғаш дерек беруші - орыс  қызметшілері Гришка Ильин мен татар Кучембердейке Кучеев деген кісілер. Олар Тобыл әскербасы Р.С.Куракинге қалмақ ордасына барғанда көрген-білгендерін 1644 жылдыңң 12 ақпанында айтып береді.

"Олар Қонтайшының ұлысына келген кезде, Қонтайшы ол уақытта өз ұлысында жоқ екен... Қазақ ордасының Жәңгір сұлтанымен, Жалаңтөспен, алатау қырғыздарымен соғысуға кетіпті. Онымен бірге 50 мың әскер адам аттаныпты. Олар Қарай Айғыр деген жерге Қонтайшының ұлысына келген күні, ..." - дегеніне қарағанда, Батур қонтайшы бұл соғысқа қатты мән беріп, үлкен дайындықпен аттанған және оның жазғы ордасы Қара айғыр деген жерде болған. Әскери адамның өзі ғана 50 мың болса, оның олардан тыс тағы да күтушілері, қатын-қалашы мен тағы басқалары болған секілді. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?