Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Орта ғасырдағы ең күшті мемлекеттерді білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Айзада
07 Қараша, 16

V ғасыр соңында Меровингтер әулетінің королі Хлодвиг франктер мемлекетін құрды. Франктер христиандықты қабылдап, бірте-бірте осы жерде тұрып жатқан галл-римдіктермен кейіннен француздар аталып кеткен бір ұлтқа бірігіп кетті. Каролингтер әулетінен шыққан франктер королі Ұлы Карл өз қолтығының астына барлық герман тайпаларын біріктіруді армандады. Көптеген сәтті жорықтар оған VІІІ ғасыр соңында Даниядан Рим мен Испанияға дейінгі жерге қанат жайған алып империя құруға мүмкіндік берді. 

VІ ғасырда Британияны бағындырғаннан кейін, англдар, сакстар және юттар оның аумағында өз мемлекеттерінің негізін қалады. Уақыт өте келе басқыншылардың тілі ағылшын тілі деп, ел Англия деп атала бастады. 1066 жылы Англияға норманд герцогі Вильгельмнің әскері басып кіріп, англосакстарды талқандады. Жаулаушы Вильгельм мен оның ұрпақтары Англияға иелік ете бастады. 

Айзада
07 Қараша, 16

Еуропа мемлекеттері

Көшпенді тайпалардың (тағылар) Рим империясы территориясына басып кіруі - тарихта Халықтардың ұлы қоныс аударуы деп аталды. Тағылар әлемі кельттер, германдар және славяндар болып үш ірі топқа бөлінді. Бірнеше ғасыр бойына кельттер құнарлы жер іздеп Галиияға (қазіргі Франция), Солтүстік Италияға, Германия мен Испанияның бөлігіне, Швейцарияға, Австрияға, Чехия және Британ аралдарына қоныстанды. Кельт тайпаларының галлдар, гельветтер, аквитандар, бриттер, скоттар сынды бірнеше атауы болды. Германдықтардың тайпалары Батыс Рим империясының аумағында Италияда остготтар, Испания мен Оңтүстік Галлияда вестготтар, Галлияда бургундар мен франктар, Африканың солтүстігінде вандалдар, Британияда ангалдар, сакстар және юттардың мемлекеттері сияқты бірнеше мемлекеттер құрды. Бұл Еуропа бет-бейнесінің өзгеруіне алып келді. 

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?