Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қабанбай батыр несімен әйгілі?

Талқылау
Пікір
Асу
01 Наурыз, 16

1961 жылы Қожағұл батырдың отбасында шекесі торсықтай Ерасыл есімді ұл дүниеге келеді. Бала күнінен-ақ дене бітімі құрдастарынан ірі болып, жұрт оны Нарбала атап кеткен. Жастайында Зайсан көлінің бойында адамдарға бас салған жабайы қабандарды өлтіріп, ел оны бұл ерлігі үшін Қабанбай атайды.

Қазақ жеріне жоңғар әскері басып кіргенде Қабанбайдың әкесі қаза табады. Осыдан кейін Қабанбай бар өмірін жоңғарлармен күреске арнайды. 16 жасында Қабанбай жоңғармен болған ұрыста, жоңғар батыры, қаһарлы Долан Дашыны жеңеді.

Қазақ қолын бастаған Қабанбай Сайрам, Ташкент, Шығыс Қазақстан өңірлерін жоңғарлардан азат еткен. Ол өмірінің басым бөлігін жаумен шайқаста өткізген. Жерін жаудан босату үшін болған 103 шайқасқа қатысып, бірде-біреуінде жеңіліс таппаған. Ал қатал жекпе-жектерде 54 қарсыласын жыққан.

Батыр көптеген стратегиялық маңызды шайқастарда қолбасшылық еткен:

- Алакөл шайқасы (1725 жыл);

- Шұбартеңіз шайқасы (1728 жыл);

- Бұланты шайқасы (1729 жыл);

- Аңырақай шайқасы (1729 жыл);

- Іле шайқасы (1730 жыл);

- Шаған шайқасы (1735 жыл);

- Шорға шайқасы (1740 жыл).

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?