Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақ тілі орфография ережелерін білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Ғазиз
08 Қараша, 16

Тілдегі сөздердің дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы орфография деп аталады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. 
Тілде жазу үш принципке сүйенеді.
1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөздер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: бас-шы (айтылуындай башшы емес), түн-гі (түңгі емес), Жан-пейіс (Жәмпейіс емес) болып сөздің түбірі де, қосымша да өз тұлғаларын сақтап жазылады.
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылады. Мысалы: хал, хат, хабар т. б. сөздер қал, к,ат, қабар болып жазылмайды, дәстүр бойынша қалыптасқан тұлғасында жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарга сүйеніліп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады. Мысалы, жаздыгүні, сексен, бүгін, жауып қойды, белбеу сияқты сөздер осылай айтылуынша, естілуінше жазылады, ал бұл сөздердің тарихи тұлғалары — жаздың күні, сегіз он, бұл күн, жап+ып қойды, белбау.

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?