Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тасбақа туралы қызықты деректер білесіздер ме?

Талқылау
Пікір
Данияр
08 Қараша, 16

Тасбақа туралы деректер:

  •     Алып тасбақалар біздің ғаламшарымызда 70 миллион жыл бұрын тіршілік еткен.
  •    Қазіргі тасбақалар арасында да алыптары бар. Ол - терілі тасбақа. Бұл тасбақа теңіздер мен мұхиттарда тіршілік етеді. Терілі тасбақаның салмағы 300 килограммнан жарты тоннаға дейін барады.
  •    Тасбақалар ұзақ өмір сүреді. Олар 100 жылдан астам уақыт өмір сүре алады.
  •     Тасбақалардың көру, есту, иіс сезу қабілеті өте жақсы.
  •     Адамдармен араласқан кезде түрін есте сақтап алады.
  •     Тасбақаға жылы сөйлесеңіз, мойынын созып, мұқият тыңдайды. Ал қатқыл дауыспен сөйлеген кезде қабыршағына тығылады.
  •     Терілі тасбақа тамаша жүзеді. Ол 1200 метр тереңдікке сүңги алады.
  •    Еуропада тасбақаның 3 түрі бар. Көп түрі Солтүстік Америкада мекендейді.
  •     Батпақ тасбақасы тамақсыз 5 жыл өмір сүре алады.
  •     Тасбақалардың жынысы температураға байланысты: төмен температурада аталық тасбақалар, жоғары температурада ұрғашы тасбақалар дүниеге келеді.
  •     Суда тіршілік ететін тасбақаларға баяу қозғалу тән емес. Терілі тасбақа суда сағатына 35 км жылдамдықпен жүзеді.
Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?