Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Баян Нұрмышеваның өмірбаяны бар ма?

Талқылау
Пікір
Сая
10 Қараша, 16

 Мұнан соң "Көңілде тұур керек бір адам", Исраил Сапарбайдың "Досым", "Өмірім-ай", Күләш Ахметованың "Жақсылықтың бағасы" өлеңдерінің әнін жазған-ды. Бүгінде әншінің жеке орындауында 20-дан астам ән бар. Әншіні халыққа етене жақын етіп, жүректерге жол табуына сеп болған - "Қарғам-ау" әні. 

Әнші тұрмысқа шығып, дүниеге ұл әкеліп, басына әйел бақыты орнағанымен, отбасында қайғылы жағдай орын алып, жолдасы ауыр дерттен көз жұмды. Қиындықпен де, өмір сынағымен де күресіп, ауырлықты ішінде жасыра білген әнші араға талай жыл салып, продюсері Ерлан Орынбасаровпен отау құрды. Бүгінде бақытты жұптың ұлы дүниеге келген. 

Сая
10 Қараша, 16

Баян Нұрмышева - әнші. Ол бала кезінен өнерге етене жақын өскен. Үш жасында домбырамен ән салған әнші 5 жасында гитарамен ән айта бастайды. Өнерін, дарынын байқаған Нұргүл есімді үлкен әпкесі оны Көкшетау қаласына алып барып, музыкалық мектепке берген. Онда классикалық гитаристер дайындайтын бөлімде оқыған. Әнші мұнан кейін Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясында халық әні кафедрасында Қайрат Байбосыновтың сыныбында білім алған. Бала күнінен сахнаға еті үйреніп, төселген Баян үлкен сахнаға әнші ретінде 2001 жылы шықты. Ол тек әншілік қырынан көрініп қана қоймай, өлеңдерге ән жазады. Сағи Жиенбаевтың "Сенемін бір бақытқа" өлеңіне ән жазып, әнді Бейбіт Сейдуалиева орындап шыққан еді.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?