Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Менің борышым" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Арнұр
15 Қыркүйек, 17

Жалғасы 2

Өзінің “Менімен” дос бола білген адам бақытты ғұмыр кешеді. Бұл туралы кезінде ұлы ақын-жазушыларымыз да айтып кеткен болатын. Сол себепті, әр адамның бірінші борышы - бойында тұнып тұрған талантты ашу. Меніңше, адамның тағы да бір борышы – жауапкершілік алуды үйрену. Неге? Себебі, адам жер бетіндегі ең құдіретті тіршілік иесі. Ол әлемнің барша құпиясын аша білді. Десе де, осы мақсатына жету үшін ол табиғат анаға да аз шығын келтірмеді. Адам ретінде біздің борышымыз – табиғат ананы құрметтеу деп айтар едім.

Арнұр
15 Қыркүйек, 17

Жалғасы 1

Барлығымыз да біздерді бақытқа бөлейтін жақын адамдарға, достарға, жылы үйге, қызықты жұмысқа ие болғымыз келеді. Оның үстіне әр адам табысқа жетуге ұмтылады. Әрқайсымыздың бойымызда талант болғандықтан, табысқа жетуге құқылымыз. Кейде ата-аналарының талабымен немесе ақшаға қызығып адам өзіне қажетсіз жұмысты таңдап жатады. Артынша осы әрекеті үшін өкінеді. 

Арнұр
15 Қыркүйек, 17

Толық сыймайды екен. Бірнеше бөлікке бөліп жариялаймын.

Әр адам әртүрлі ойлайды. Десе де, олардың әрқайсысы өмірде мәнді де мағыналы істер жасап кеткісі келеді. Бізге көптеген мүмкіндік берілген. Алдымызда миллион жол жатыр десек артық айтпаймыз. Дәл осы жолдың нақты қайсысын таңдауға болатынын дөп басып айту қиын. Меніңше, әр адамның маңдайына жазылған борышы болады. Десе де, сол борышымызды орындау арқылы әрқайсымыз белгілі бір деңгейге жетеміз. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?