Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Сұлулық" шығарма бар ма?

Талқылау
Пікір
Ғазиза
04 Шілде, 18
Сондай-ақ, сұлу адамдардың адамгершілігі жоғары, талғамы, арманы асқақ, ұстанымы биік болуы тиіс. Олар өзгелерге үлгі болуы керек. Тек жақсы жағынан үлгі беруі керек.Қазіргі уақытта жастардың көбі әншілерге, актерлер мен актрисаларға, танымал адамдарға еліктейді. Менің сүйікті әрі ең сұлу санайтын адамым - Тамара Асар. Ол - сондай сұлу адам. Сырт келбеті өте әдемі. Даусы да сондай керемет. Әндерге талғамы жоғары. Ол өмірінде орын алған жайтқа қарамастан, мойыған емес. Ұдайы өзін кербез, парасатты ұстайды. Айтқан ойларының, сөздерінің мәнінің тереңдегі сонша, оны тамаша философ дер едім. Оның сөздерінен көп оқитыны, көп ойланатыны, айналасына көп мән беретіні, дүниетанымы кең екені, қазақтың дана әйелі екендігі байқалып тұрады. Сондықтан мен ол кісіні өзіме үлгі тұтамын. Сол кісі сияқты әдемі, көркем болғым келеді.
Ғазиза
04 Шілде, 18
Сұлулыққа әркімнің де бар таласы. Барлығы да сұлу, көркем болғысы келеді. Алайда осы жолда олар сырттың сұлулығы ғана маңызды деп ойлап, соған басымдылық беріп жатады. Бәрі өзіне күтім жасап, шашын бояп, бетіне опа-далап жағып, әдемі киінуге тырысады. Бірақ олардың бәрі сұлу емес. Ішінің сұлулығына мән беретіндері тіптен аз дер едім. Бүгінде қыздардың да былапыт сөздер айтып, темекі шегуі, ішімдікке әуес болуы үйреншікті болып барады. Ал бұлар қазақ қызына, жалпы қыз табиғатына жан нәрселер. Ол қыздың сыртқы сұлулығын құртады. Өз басым жаман әдеттермен дос қыздарды көргенде, олардан жиреніп кетемін. Меніңше, көп ізденетін, алдына асқақ арман қоятын, соған жетуіге ұмтылатын, білімге құштар адамдар – нағыз сұлу жандар. Олардың жүзінің өзі ерекше сұлу, көркем болып тұрады. Адамды өзіне еріксіз тартады. Ал айтқан әңгімесін естігенде, қасында тапжылмай отыра бергің келеді. Міне, осындай адамдарды сырт келбеті мен жан-дүниесінің көркемдігі, әдемілігі келіскен, үйлескен нағыз сұлу жандар деп айтуға болады.
Ғазиза
04 Шілде, 18

"Сұлулық" туралы шығарма

Сұлулық дегеніміз - адамның сыртқы бейнесінің де, ішкі әлемінің де көркемдігі. Менің ойымша, адамды тек сырт келбетіне қарап сұлу деп айту мүмкін емес. Себебі оның жан-дүниесі сұлу болмайынша, сырт келбетін сұлу деп айта алмаймыз. Адамның сұлулығы сырт келбетінің және жанының көркемдігімен үйлесуі тиіс. Ал мұндай үйлесімділік болмайынша, ол сұлулыққа қол жеткізе алмайды.

Адамның бәрі өмірге әдемі болып келеді және оның түрінің қандай болатыны өзіне байланысты емес. Алайда адам өзінің жан-дүниесін өзі жасап, қалыптастыра алады. Сондықтан мен сырты әдемі адамдарды сұлу деп айта алмас едім.

Бірде үлкен ғұлама өте сұлу қызды көріп, оған қарапайым сұрақ қойған екен. Алайда сұлу оның сұрағына жауап бере алмапты. Сонда ғұлама: «Сен алтын тостағанға құйып қойған ашыған сусынмен бірдей екенсің», - депті. Яғни ол бойжеткеннің жан-дүниесінен еш сұлулық көре алмаған. Сондықтан ашып кеткен сусынға теңеп отыр.

Өз басым сырт келбетіме мән беремін. Үнемі таза жүруге тырысамын. Алайда мен үшін жанымның сұлулығы маңызды. Сол үшін көп ізденемін, кітап оқимын. Және өзімнің адамдығым, адамгершілігім жоғары болғанын қалаймын. Осы мақсатта игі істер жасауға ұмтылып, жамандықтың ала жібін аттамауға тырысамын. Сонда ғана өзімнің нағыз сұлу бола алатыныма сенемін.
 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?