0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Ноя, 16 от Айжан в категории Білім, ҰБТ

3 Ответы

0 интересует 0 не интересует
Әке - тамырын терең жайған ағаш. Әке - баланың қорғаны. Менің түйсігімде әке туралы қалыптасқан ой осындай және ол өмірде де дәл осындай көрініс табуда.

Менің әкем - ең тамаша адам. Ол кішкентайымыздан бері сіңлім екеуімізді махаббатына бөлеп, алақанына салып, төбемізден құс ұшырмай өсірді. Мен әкемсіз, әкем менсіз тұра алмайтын едік. Бірер күнге туыстардың үйіне қыдырып кетсем болды, екеуіміз екі жақта жылап, ол мені алып кететін. Қазір есіме түссе, күлкім де келеді. Бірақ бұл менің өмірімдегі тәтті естелік.

Әкем кішкентай күнімізден бері сіңлім екеуімізге қолдау білдіріп, кеңес беріп отыратын. Ол кісі домбырада, гитарада, пианионда, баянда ойнай алады, ән шырқайды, суретті шебер салады, кез-келген тамақты да өте дәмді етіп дайындайды, көліктің бұзылған жерін дыбысынан-ақ біледі, кез-келген техниканы жөндейді. Өзі сондай сегіз қырлы, бір сырлы адам. Және бойындағы осы игі де ізгі қасиеттерін бізге де үйретіп бақты.

Әкем бізге таза жүруді, өтірік айтпауды, адал болуды, адамгершіліктің алтын ережелерін үйретті. Кішкентай кезімізден бері бізді айналып толғанып, қасында алып жүретін. Содан да болар, біз де әнге жақын болып өстік. Үйдегі бұзылып қалған затты әкем жұмыстан келгенше өзіміз-ақ ақтарып салып, жөндеп алатынбыз.
ответил 03 Июль от Сезім
0 интересует 0 не интересует
Әкем біз үшін, бізді жеткізу үшін аянбай еңбек етуде. Арманы бізді оқытып, өз орнымызға қондыру. Ол кісінің бір тамаша қасиеті, біздің таңдауымызға өмірі қарсы шыққан емес. Бәрін түсіністікпен қабылдайтын. "Мен айттым, солай жасайсыңдар" деп айтқан емес. Қашан да біздің пікірімізді біліп, бізбен санасады. Сіңлім екеуіміз болашақ мамандығымызды әлден таңдап қойдық. Әкем біздің инженер болғанымызды қаласа да, біздің өз қалауымызға қарсы болған жоқ. "Өздерің сүйген мамандықты таңдаңдар", - дейді ол.

Сонымен қатар әкем анамыздың көңіліне де қаяу түсірген емес. Ол бәрімізге қамқор болып жүреді. Кішкентай кезімізде анамыз қатты шаршағанда, оған үй жинап, ыдыс та жуып көмектесетін. Қазір де анамыз үй жинаған кезде, бір жағына шығысып, кілемдерді қағып көмектеседі.

Менің ең жақсы көретін сәтім кешкі уақыттарда бәріміз жиналып отырып, ән салатынымыз. Әкем гитарада немесе пианинода ойнайды. Сонан соң бәріміз бірігіп ән шырқаймыз.

Мен әкемді жақсы көремін және осындай мейірбан, жақсы әкем болғаны үшін, өзімді бақыттымын деп білемін.
ответил 03 Июль от Сезім
0 интересует 0 не интересует
Өз баласына жамандық, қастық ойлайтын әке болмайды. Олар не де болса, бізде бәрі жақсы болса екен дейді. Біздің өмірде сүрінгенімізді, шалыс басқанымызды қаламайды. Кез-келген ата-ана "Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма кірсін" деп отырады. Кез-келген ата-ананың баласына деген махаббаты ерекше. Олар өз баласын бәрінен артық көреді.

Әке де, ана да адамда біреу ғана. Сондықтан оларды сыйлап, құрметтеу керек. Мен ата-анамның көңіліне қаяу түсіргім келмейді. Олардың үмітін ақтап, жақсы мамандық иесі болсам деймін.

Менің ата-анам - баға жетпес байлықтарым. Оларсыз өмірімді елестете де алмаймын. Сондықтан әр күні ата-анама ұзақ ғұмыр, денсаулық, күш-қуат тілеймін. Ата-анасы бар адам шынында да ешқашан қартаймайды. Ата-анам әрдайым аман болса екен.
ответил 03 Июль от Сезім