Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мұхтар Мағауин туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Ділбар
15 Қараша, 16

(Жалғасы) Мағауиннің көркем шығарма жазуда өзіндік ерекшелігі бар. Ол образ жасауды, тарихи деректерді дөп баса қолдануды, тіл көркемдігін шебер меңгерген. Қаламгердің "Ұлтсыздану ұраны" кітабы бүгінгі қазақ қоғамындағы мемлекеттік мәселені алға тартқан. "Ғасырлар бедері", "Қобыз сарыны" зерттеу еңбектерінде қазақ халқы әдебиетінің негізгі, өзекті мәселелері көтерілген. Қазақ тарихын сонау замандардан бастап сөз ететін "Қазақ тарихының әліппесі" еңбегі тарихтан сыр шертіп қана қоймай, оқырмандар жүрегіне асқақ рух, патреоттық сезім сыйлайды.

Ділбар
15 Қараша, 16

(Жалғасы) Мұхтар Мағауин өте білімді ғалым, дарынды жазушы. Ол әдебиетті де, тарихты да зерттеді. Жазушы жазған еңбектердің тірелетін нүктесі - қазақ халқының тағдыры, ұлттың болмысы, ұрпақтың келешегі мен бабалар өнегесі, қазақтың тілі мен ділі еді. 

Жазушы шығармашылық жолын әдеби зерттеулерден бастаған. Мұнан соң тек жазушылықпен шұғылданып, көркем шығармаға жазуға бет бұрды. Оның тұңғыш туындысы 1964 жылы "Жұлдыз" журналы бетінде жарық көрген - "Кешқұрым" әңгімесі. Мағауиннің "Ақша қар", "Қияндағы қыстау", "Көк кептер" әңгіме, повестері, "Көк мұнар", "Шақан шері" романдары, "Аласапыран" тарихи роман-диалогиясы жарық көрген. Түрлі тақырыпты, мәселені қозғаған бұл көркем туындылардың қайсібірін алсақ та, барлығы оқырмандар көңілінен шығып, әдеби ортаның назарын аударып, жұртының жүрегіне жол тауып жатты. Жазушыны қалың бұқараға танымал еткен - "Әйел махаббаты" әңгімесі. Ол 1969 жылы "Жұлдыз" журналында басылған. 

Ділбар
15 Қараша, 16

Мұхтар Мағауин 1940 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Баршатас ауылында дүниеге келген. Ол - көрнекті жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым. Жазушы бала күінен зерек, қабілетті болған. Ол кітапты көп оқып, білімге құмар болған. Мектеп қабырғасында барлық пәндерді жақсы оқыған. Сол кезде қазақ әдебиетіне етене жақын болып, қазақ әдебиетімен қатар әлем әдебиетінің үздік туындыларын білген. Хакім Абай туған жерде дүниеге келіп, сол жердің ауасын жұтып, суын ішкеннен кейін де заңды түрде Абай өлеңдерін жатқа білген. Оған қоса жазушының бала күндерінде Шәкәрім Құдайбердіұлының есімін ауызға алуға болмайтын. Оған қарамастан бала Мұхтар Шәкәрім туралы қариялардан біліп, өлеңдерімен де таныс болған. 

Мектепті алтын медальмен бітірген Мағауин Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінде білім жалғастырады. Аспиратурасын тәмамдаған жазушы қазақтың хандық дәуір әдебиетін зерттеп, диссертация қорғайды. Төккен тер мен еңбегінің, ізденістің нәтижесінде қазақ әдебиеттану ғылымына маңызды, елеулі жаңалық енгізген. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?