БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қашаған Күржіманұлының қандай шығармаларын білесіздер? Өмірі туралы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Айгерім
15 Қараша, 16

Ақынның дін өкілдерін аяусыз шенеп, өнерді қорғаған жырларының озық үлгісі - "Есқали сұпыға айтқаны". Қашағанның "Қуаңдаған қу Бисен", "Мұстахқа", "Домбыраның қақпағы", "Ермағанбет молданы тілдеуі" дейтін өлеңдері де сараңдық пен суайттық сияқты өмірді жүдетер сиықсыз мінездерді сынауға арналған. Ақын "Берекет ақынға", "Сақыпқа айтқаны" толғауларында ізгілікті насихаттап, әдепсіздікті әшкерелейді. Қашағанның Нұрыммен, Бала Оразбен айтыстары білім сынасу ретіндегі сайыстар болса, Ізіммен, Ізбаспен айтыстары - адамгершілік пен ізгілікті дәріптеу. 

Қашаған тура да шыншыл, өткір де көркем шығармаларымен халық қадіріне бөленген бұқара жыршысы. Жырау жырлары Октябрьге дейін ел аралап, ауызша тарады. Бірқатар шығармалары алғаш рет "Әдебиет майданы" журналдарында жарияланды. "Адай тегі", "Атамекен", "Топан" атты дастандарында халықтың басынан кешкен қилы заман тарихы сипатталады.

Айгерім
15 Қараша, 16

Халық арасына жырлары кең тараған көрнекті суырып-салма ақын - Қашаған Күржіманұлы 1814 жылы Түркімен ССР-і, Ташауыз қаласының маңында туып, негізінен Маңғыстау ауданының "Қырықкез" жерінде өмір сүрген. Он төрт-он бес жасынан жалдамалы еңбекке араласады. Жетімдік пен жоқшылық, жұпыны өмір болашақ ақынның жас жүрегін бұғаулай алмайды. Өмір соққысы жігерлі жасты шыңдап-шынықтырып, өмірге құлшындыра түседі. Жасынан Атырау, Хиуа елдеріне кең тараған жырларды жаттай өскен Қашаған он алты жасынан-ақ ақын атанады. Қашаған бағзы өнерпаздар дәстүрімен көп елді аралаған. Маңғыстау, Хорезм аймағы мен Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерін жайлаған елдерде болып, Құрманғазы мен Нұрым, Ақтан мен Мұрат, Бала Ораз бен Қоспақ, Қашқынбай мен Құшмайыр, Өмір мен Ығылман сияқты өнер саңлақтарымен кезедскен. Қашаған бүкіл жырларында бұқара атынан сөйлейді, еңбек адамының адамгершілігін жырлайды, бай мен биді, болыс пен молданы аяусыз шенейді, үстеп тап өкілдерінің екіжұзділігі мен тоғышарлығын, сараңдығы мен сұрқиялық әрекеттерін әшкерелеп, келеке етеді. 

Рауан
11 Қараша, 16

Қашаған Күржіманұлы, Қашаған жырау - ақын, жырау, қазақ ауыз әдебиетінің белді өкілі. Ол 1841 жылы Түрікменстан мемлекеті Ташховуз облысы Мырзабасы ауылында дүниеге келген. Небары 16-17 жасында ақын атанады. Атақты қазақ ақынының ауыздан ауызға тараған шығармаларының сақталып, бүгінгі күнге жеткен аз. Бүгінгі ұрпаққа аңыздары мен дастандары жеткен. Олардың ішіндегі ең әйгілісі "Адай тегі", "Атамекен",  "Топан". Ақын 1929 жылы дүниеден озған. 

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы